7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ ШАҒЫНАУДАНДАРДЫ САПАЛЫ ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУДЫ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Нұртас, Асар-2 шағынаудандарын инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын тексерді. Қазір 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас елдімекенінде кәріз жүйесін тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. 62,6 шақырымды алып жатқан кәріз жүйесінің құрылысы 2024 жылы толық аяқталады. Құрылыс барысын қадағалаған қала әкімі энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысына жергілікті әкімдікпен бірлесе абоненттеу жұмыстары бастауды тапсырды.

Қала аумағында жүріп жатқан қар­қын­ды жол салу жұмыстарының сапасына баса мән берген шаһар басшысы Мұрат Әйтенов қайнаған еңбек алаңына барып, құрылыс барысымен танысқан болатын.

«Қаланың орталығында тұрсақ та та­лай­дан бері топырақ кешіп жүр едік. Енді міне, көшемізге асфальт төсе­ліп, су ағатын арықтар салынуда. Бұған, әсі­ре­се балаларымыз қатты қуан­ды.Бюджет қаражатының мақсатты жұм­­са­луын қадағалау мақсатында құры­лыс алаңдарында арнайы бақылаушылар қо­сы­ны жасақталғанын айта кетейік. Жол құрылыс сапасын барлық талаптарға сай жүргізу үшін құрылыс басында  бақылаушылар күн­делікті сараптама жүр­гі­зуде. Әкім жергілікті тұрғындарды да құрылыс барысын тікелей қадағалап оты­ру­ға шақырды.

Асар-2 шағынауданында бұл бағыттағы жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда. Бүгінде 15 мыңнан астам халық тұратын елдімекенде 24 шақырымдық газ жүйелері жүргізілген. Шағынауданды табиғи газбен толық қамту сәуір айының соңына дейін аяқталады. Қазір мұнда абоненттеу жұмыстары басталды. Жоспарға сәйкес елдімекен алдағы жылы сапалы электр қуатымен, кәріз жүйесімен толық қамтылады.
Құрылыс жұмыстарын қадағалаған Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға инфрақұрылымдық жүйелерді жүргізуде тиісті талаптардың қатаң сақталуын бақылады тапсырды. Сонымен қатар барлық жұмыстардың сапалы, уақытылы атқарылуын назарда ұстауды ескертті.

Ұқсас ақпараттар

Полиция 15 жыл бойы мемлекетаралық іздеуде болған екі шетелдікті ұстады

smarttop

ҚАЛА ҚОЗҒАЛЫСЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ЖОЛ АЙРЫҚТАРЫ

smarttop

«ІСКЕР ҚАЛА» ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру