5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАЛАНЫ ҚОЛДАУ – БОЛАШАҚТЫ ОЙЛАУ

Шымкентте дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Қалалық білім басқармасы тарапынан бұл салада бірнеше бағытта іс-шаралар қолға алынған.

Атап айтқанда, «2023-2029 жылдарға арналған білім беру жүйесін дамыту бойынша өңірлік жол картасының» жоспарына сәйкес, қыркүйек айында психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес және бір психологиялық-педагогикалық түзету кабинетін ашу жоспарланған. Сонымен қатар, №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясында ресурстық кабинеті қызмет көрсетуде. Мінеки, осыған қарап бала­ларымыздың өмірі мен құқығы заңмен қорғалған дерміз. Аталған заңдар мен заңды талаптар орындалып отыр ма? Қоғамды есеңгірететін және жыл сайын қайталанатын балалар өлімінен кейін оларды қорғаудың жолдары қандай деген сауалға жауап іздейміз. Мәселен, бірер күн бұрын елордадағы ерке Есілді жағалап келе жатқанда бір топ балаға көзіміз түсті. Олар өзеннен шомылып шығып, киініп жатыр екен. Кейбірі әлі суға сүңгігісі келеді.

«Заң саласының маманы ретінде қорғау дегенді – жағ­дай жасау деп түсінемін. Бізде ең жаман жері жағдай жа­сал­­май жатып, қорғау тура­лы әңгіме айтылады. Және тағы бір көңіл­ге қонымсыз нәрсе, балдырғандардың құ­қы­­ғы бұзыл­ған­да ғана соған кінә­лі адамды жаза­лаумен айналысамыз. Бұл – себеп­пен емес, салдармен кү­ресу. Мыса­лы, өрттен бала қай­­тыс бол­са, өртке жауапты маман­­дар­ды жа­­залайды. Ал зардап шеккен кішкентайлардың жағ­­да­йы қандай екені бізді бұған дейін мазаламаған. Егер елор­­дада өртеніп кеткен 5 қыз­дың өмір сүру жағдайын алдын ала анық­тап, оларға қо­лай­лы орта жасасақ, оның соңы өкі­ніш­ті жағ­дайға ұрын­дыр­­мас еді», деп жауап берді.

Бұдан бөлек, қалада ерекше күтімді қажет ететін балаларды қоғамға тартып, олардың арасында дарынды жандарға қолдау көрсетуде түрлі мәдени іс-шаралар өтіп тұрады. «Ризашылық – мейірімділік бұлағы» жалпыұлттық мәдени білім беру жобасы аясында қалалық «Қазақстан – менің алтын бесігім», «Шексіз шығармашылық» байқауы ұйымдастырылды. «Тең мүмкіндіктер әлемі» «Қоғамға қызмет» жобасы аясында «Өнерліге нұр жауар», «Juldyzai» республикалық балалар шығармашылық фестиваліне талапты өрендер қатысып, жүлделі орындардан көрінді.

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында діни әдебиеттерді заңсыз сату дерегі анықталды

smarttop

ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР ДА ҰЛТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ

smarttop

«Гашиш» есірткісін заңсыз сақтаған жас жігіт ұсталды

smarttop

Пікір қалдыру