16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АЛПЫСБАЕВ ЖӘНЕ СӘДУАҚАСОВ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

🔷Қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында Ақжайық шағынауданы тұрғындары елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізу бойынша өтінішін жеткізген болатын. 📑Тұрғындар талап-тілегі ескеріліп, 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізілген. 📍Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда бүгін құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес көшелердің ені 5 метрді құрайды. Осыған дейін Ақжайық елдімекендегі көшелердің 90 пайызы асфальттелген. 🔹Биыл қала аумағында 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

Сонымен қатар,  Ақжайықта екі көшеге асфальт төселуде.
Ақжайық шағынауданындағы тұрғындар елдімекен аумағындағы бірқатар көшені жөндеуден өткізуді ойлайды. Осы мақсатпен қала әкімінің азаматтарды бірыңғай қабылдауында тұрғындар өтініштерін жеткізген. Көпшілік талабы ескерілді. Енді 2021-2025 жылдарға арналған жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген іс-шара жоспарына сай Алпысбаев және Сәдуақасов көшелерін орташа жөндеуден өткізу жобасы енгізіліп отыр. Ұзындығы 2,2 шақырым нысанда құрылыс жұмыстары басталды. Сметалық құжаттамаға сәйкес көшелердің ені 5 метрді құрайды. Бұған дейін Ақжайық елдімекендегі көшелердің 90 пайызына асфальт төселген еді. Биыл қала аумағында 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарға еніп отыр.2023 жылы Айқап-Түркістан ш/а Беткей көшесі, Ақжайық ш/а Шағатай, Балтамыр, Тоқпан көшелері, Самал-1 ш/а Тайманов, Мейірбеков көшелерін асфальттауға Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. 2024 жылы Ақжайық ш/а Сәйгүлік, Самғау, Майлыкент, Тайқоңыр көшелері және Самал-2 ш/а Ермекбаев, Шәкіров, Сейітов көшелеріне асфальт төселеді. Жоғарыда аталған көшелерде асфальт төсеу жұмысы жүзеге асырылса, аудандағы сапалы жолдардың көрсеткіші 100%-ға жетеді.

@transport.shym

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

ЗАҢСЫЗ ЖӘНЕ ЗАҢ ТАЛАБЫН БҰЗЫП САЛҒАН ҚҰРЫЛЫСТАР БОЙЫНША МОНИТОРИНГ

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ БАС ЖОСПАРЫ ҚАЛАНЫҢ 2035 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ҰЗАҚ МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫМЕН БІРГЕ, ХАЛЫҚ САНЫ 1,2 МЛН АДАМНАН 1,9 МЛН АДАМҒА ӨСУІ КӨЗДЕЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру