12.3 C
Шымкент
Среда, 25 марта, 2026
Smarttop.kz

ЕСЕП — 4:1: ЖЕҢІС – “ОРДАБАСЫ” КОМАНДАСЫНДА

❇️ Футболдан Қазақстан чемпионатының 6-турында «Ордабасы» өз алаңында Қостанадайдың «Тобыл» командасын қабылдады. Командалар ел чемпионатының турнирлік кестесінде иық тірестіріп келе жатқан. 🔷 Матчтағы есепті алғашқы таймда «Ордабасы» ашқанымен, араға минут салып қонақтар таразы басын теңестіріп кетті. Екінші таймда «Ордабасы» футболшылары үш гол соқты. Алдымен алаңға тыңнан қосылған Бобур Абдухоликов командасын есепте алға шығарса, өткен турда ғана көзге түскен Сергей Малый тағы бір голдың авторы атанды. 🔷 Ал матчтың нүктесін 86-минутта Всеволод Садовский қойды. Есеп — 4:1. Үш ұпайын қанжығалан «Ордабасы» ел чемпионатының турнирлік кестесінде 13 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. @shymkent_sport_baskarma

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТКЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 11 МЫҢҒА ЖУЫҚ ШЕТЕЛДІК ТУРИСТ КЕЛДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА САЯХАТТАП КЕЛУШІЛЕР САНЫ АРТТЫ

smarttop

“АРМЫСЫҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ” ІС-ШАРАСЫ ХАЛЫҚҚА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру