22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ 72 МЫҢҒА ЖУЫҚ АБОНЕНТ АУЫЗСУМЕН ҮЗДІКСІЗ ҚАМТЫЛАДЫ

❇️ Қазіргі таңда қаладағы 81 елдімекеннің 78-іне ауыз су үздіксіз берілуде.

«2025 жылдың соңына дейін халықтың 100%-і таза ауыз сумен қамтылуы керек. Бұл әлеуметтік маңызы жоғары мәселе. Сондықтан, әкімдіктер ауылдар мен қалаларда тиісті инфрақұрылымды тарту жұмыстарына ерекше мән беруге тиіс. Аталған жобаларды қаржыландыруға басымдық берілу керек», — деді Смайылов үкімет отырысында.
Премьер қолданыстағы және жаңадан іске қосылатын объектілерді тиімді пайдалану үшін саланы автоматтандыруды, яғни инновациялық технологияларды енгізуді тапсырды.

«Соның кесірінен жоба құны бірнеше есе қымбаттап кетеді де, тапсырыс берушілер мен мердігер компаниялар арасында келіспеушілік болады. Мұның барлығы жергілікті билік тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігінен. Жаңа жобаларды іске асыру кезінде осы жайттардың барлығын ескеріп, тапсырма уақытында орындалуы қажет», — деді Смайылов.
Бұл ретте премьер-министр жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамту көрсеткішін ауылдарда 94,7%-ке, ал қалаларда 98,5%-ке жеткізуді тапсырды. Осыған байланысты өңір әкімдіктері сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылап, апатты жағдайдағы су құбырларын шұғыл жөндеуден өткізуі қажет.Облыс әкімдері су құбырларын күтіп ұстап, оларды тиісті мекемелерге сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін қарастыру қажет.Мәселен, үстіміздегі жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша орта­лық­тандырылған ауыз сумен қамтылған ауылдық елді мекендердің саны бар болғаны 12 пайызға ғана өсіп, барлығы 41 пайызды құраған. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министр­лігінің мәліметтері бойынша еліміздегі барлығы 7002 бірлікті құрайтын ауылдық елді мекендердің 3849-ында сумен қамту проблемалары әлі де шешімін тапқан жоқ.

Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5% — дан 100% — ға дейін артады.

Ұқсас ақпараттар

«СУДЫ ҮНЕМДІ ПАЙДАЛАНУДЫ ҮЙРЕНУІМІЗ КЕРЕК»

smarttop

БАЗАРЛАРДА ӨРТ-ТАКТИКАЛЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЫ ӨТТІ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ КАНАЛДАРДЫҢ ЖАҒДАЙЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

Пікір қалдыру