8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Сайрамда бірнеше тұрғынды сан соқтырған алаяқ анықталды

Сайрам аудандық полиция бөліміне жергілікті 8 тұрғын шағым түсірді. Жәбірленушілердің айтуы бойынша тұрғылықты мекенде тұратын таныс әйел сенімдеріне кіріп, «мемлекеттен бизнес бастауға грант ұтып беремін», «зейнеткерлікке шығарып беремін» деп әр қайсынан алдын ала 75.000 теңге ақшаларын жымқырған.
Айтқан уәдесінде тұрмай, әбіргерге салған таныс әйелден қайран болмағасын полицияның көмегіне жүгінген. Күдіктінің келтірілген шығын көлемі 600.000 теңге.
Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Күдіктінің жеке тұлғасын анықтау үшін полицейлер жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жауап алынып, ақша аударылымдарын тексерген.
Нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды. Ол бұған дейінде алаяқтық жасағаны үшін сотты болған екен.
Қазіргі уақытта аталған жайттарға байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

7 ЖОБАНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

smarttop

Футбол ойнап жүрген жігіттің көлігін рұқсатсыз айдап кеткен азамат анықталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700-ДЕН АСТАМ ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ ҚАНДАС МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру