Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ТОҚТАП ҚАЛҒАН ЖҮРЕКТІ ҚАЙТА ТІРІЛТТІ

❇️ Шымкент қалалық №2 ауруханасына 22-сәуір күні түнгі сағат 00:10 шамасында жедел-жәрдеммен елу екі жастағы қала тұрғыны аса ауыр жағдайда жеткізілді. Дәрігерлер науқасты бірден жансақтау бөліміне жатқызып, тексеру жұмыстарын жүргізген. 🏥 Ауруханаға жетер жолда клиникалық өлімді бастап кешкен азаматша бұған дейін яғни 2016 жылы инсульт алғаны анықталды. Қиындықтарға қарамастан дәрігерлер науқасқа дер кезінде көмекке келді. Дәрігерлердің ептілігі, әрі біліктілігінің арқасында ауыр халдегі жүрегі тоқтап қалған науқастың күретамыр тынысы кенет қайта соқты. 🔷 Өмірге қайта келгендей әсерде болған шымкенттік жерлесіміз екі күн бойы өмір мен өлім арасында арпалысқан ақ халатты абзал жандарға алғысын жаудырды. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды. 🔷 «Науқастың түскен кездегі жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. Түскен кезде алғашқы көмек көрсетіп, ИВЛ аппаратына қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас кислородсыз өздігімен демалуда», –дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы. Науқастың қазіргі жағдайы қалыпты. Толық емін алып болған соң отбасына оралатын болады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

№12 СПОРТ МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Шымкент: Еңбекші ауданында 500-ден астам құқық бұзушылық анықталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ӨТКЕН ЖЫЛЫ 300 МЫҢНАН АСТАМ АҒАШ КӨШЕТІ ЕГІЛГЕН

smarttop

Пікір қалдыру