0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА БАЛАЛАР АЛАҢШАЛАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

🔷 Бүгін 9 мамыр-Жеңіс күні мерекесі қарсаңында Еңбекші ауданында екі заманауи кешенді балалар ойын алаңшасы тұрғындардың игілігіне тапсырылды. Салтанатты шараға аудан әкімдігі өкілдері, Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары қатысып, тұрғындарды мерекемен құттықтап, балаларға сый-сияпат тарту етті.

Бағдарлама шеңберінде бірқатар ілкімді істер атқырылып, халық тарапынан сенім нығайды. Осы ретте Қаратау аудандық әкімдігі 2023 жылы аудан аумағында тұрғындар ұсынысын ескере отырып, тағы 62 жобаны жүзеге асырмақ.
Еске сала кетейік, бағдарламаның талаптарына сәйкес екі апта ішінде жинақталған ұсыныстар аудан әкімдігі жанындағы «сараптамалық кеңеске» ұсынылады. Сараптамалық кеңес жобалар тізбесін іріктеп, дауыс беру үшін сайтқа орналастырады. Дауыс беру нәтижелері бойынша көп дауыс жинаған жобалар аудан әкімдігі арқылы аталған бағдарламамен жүзеге асырылатын болады.
Жалпы «Халық қатысатын бюджет» — қоғамның қатысуымен әзірленіп, енгізілетін бюджет. Мұның тиімділігі зор. Осы арқылы шаһар тұрғындары қалада болып жатқан әрбір өзгерістерді бақылауда ұстап, өз ұсыныстары мен пікірін білдіре алады. Ал әкімдік тұрғындардың ұсынысы негізінде проблемаларды шешуге және тиімді жобаларды жүзеге асыруға атсалысады.
Жалпы, абаттандыру, ойын алаңшаларын салу жұмыстары 2021 жылдан бері тұрғындардың ұсынысымен «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында  іске асырылып келеді. Еңбекші ауданының өзінде биыл жоба аясында аулаларды абаттандыру көрсеткіші 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артып отыр. Жоспар бойынша 73 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру және жеке секторда 6 – кешенді балалар ойын алаңшасын салу керек еді. Бүгінде І-кезең бойынша 52 үй ауласы абаттандырылып, жеке секторда 6-балалар ойын алаңшасы құрылды.

Биыл ауданда 35 көпқабатты үйдің ауласы абаттандырылуда, одан бөлек жеке секторда 4 мекенжайда заманауи балалар ойын алаңшасы, көше тренажерлары және воркаут алаңдары құрылуда. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «БАЙ, ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!» КӨШПЕЛІ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАДЫ

smarttop

Түркістан облысында 138 шетелдік әкімшілік қамауға алынып, 124 өзге елдің азаматы елден аластатылды

smarttop

Пікір қалдыру