16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕРЛІКТЕРІ – ЕЛ ЕСІНДЕ МӘҢГІЛІК САҚТАЛАДЫ!

«Ардагерлерді ардақтайық!» жобасы аясында Ассамблея мүшелеры,Шымкент қаласы Этно мәдені қоғам бірлестігі торағалары ,,AMANAT “ партиясы мүшелеры,
мегаполисте тұратын ҰОС ардагерлерінің үйіне барып, Жеңіс күнімен құттықтады.

Ел үшін жанын қиған батырлардың, өзегін өкініш өртеген жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің тірегі болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы сәттерімен есте қалды. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. Ұлы Жеңістің ұмытылмайтыны сияқты соғыстың қасіреті де ұмытыла қоймайды. «Ұлы Отан соғысы» ұғымы 1941 жылғы шілденің 3-інде Сталиннің радио арқылы сөйлеген сөзінен кейін пайда болды. Сталин өз сөзінде «Ұлы» және «Отан» деген сөздерді бөлек-бөлек, бір-бірімен байланыстырмай қолданды.

ҰОС ардагері Қазбаев Абылай атамыз жастайынан соғысқа аттанып, Харьков, Ворошилов Украина майданында Севастопольде, Латвия, Литва, Кенигсбергдегі шайхастарға қатысып, Берлинде жеңісті қарсы алған. Майдангер зеңбірекшілер тобында жүріп, неміс танкісіне қарсы тұра білген жаужүрек жауынгерлердің бірі болған. 1945 жылы 1-мамырда Кенигсберг қаласын азат етуші жауынгерлер сапында болған. Елге оралып, қорғасын зауытында темір-ұсташы, машинист-қазаншы болып қызмет еткен.
Қазіргі таңда Абылай атамыз немере-шөбере сүйіп, ғасыр жасап, өмірдің ащы-тұщысын көрген ардагер ретінде жас ұрпаққа ақылы мен өсиетін айтып, партияластарға алғысын білдіріп, ақ батасын берді.
«Бүгінгі таңда Шымкент қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан үш ардагер бар. Біздің парызымыз қала ардагерлеріне барынша қамқорлық жасап, көмегімізді аямау.

Ұқсас ақпараттар

«АЙНА» БАЗАРЫНДА БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ✅

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «АРНОЛЬДО КИАРИ» СИНДРОМЫНА ШАЛДЫҚҚАН НАУҚАСҚА АЛҒАШ РЕТ ОТА ЖАСАЛДЫ

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ҰСЫНЫСЫН БОЙЫНША ЖОБАНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ

smarttop

Пікір қалдыру