0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕҢІС КҮНІН ЖАҚЫНДАТҚАН ҚАҺАРМАН

Шымкент қаласы Қаратау ауданының тұрғыны Мұраталы Төлепбергенұлы мамыр айында 98-ге толады. Өзі әлі тың. Ширақ. 2 ұл, 6 қыздан 10 шөбере, 20-ға жуық немере сүйіп отыр.

Қарт майдангер 1925 жылы 20 мамырда Түлкібас ауданының Жаскешу ауылында дүниеге келген Мұраталы ақсақал 1943 жылы соғысқа аттанып, Брест қамалы, Варшава, Данск, Виссмарк қалалары үшін шайқасты. Қан майдан шебінде жан аямай, ерлік көрсеткені үшін «Ұлы Отан соғысы», «Германияны жеңгені үшін», «Варшаваны азат еткені үшін» медальдарымен марапатталған.

1950 жылдан 1953 жылға дейін Түлкібас МТС тракторлық бригадасының бригадирі, 1958-1959 жылдар аралығында Калинин колхозында бухгалтер, 1959-1965 жылдары колхоз фермасының меңгерушісі болып істеді.

Мұраталы Төлепбергенұлының шаңырағына бардық. Нұрсат шағынауданы №12 үйде тұратын майдангер бізді қуана қарсы алды. Көпқабатты үйдің алдында күншуақта демалып отырған сәтінің үстінен түстік. Майдангермен аз-кем әңгімелестік.

ҰОС ардагері өзі куә болған тарихтағы зұлмат жылдарды әңгімелеп, жастарды отанды сүюге, білімді болуға шақырды. Батагөй қария еліміздің болашағы жарқын болуын тілеп, ақ батасын берді. Қазіргі жастар бейбітшіліктің, қадірін біліп жүр ме? Қаншалықты елін, жерін сүйеді? Біз осы сауалды қарияға қойдық.

– Шүкіршілік дейміз, қазір Тәуелсіз елміз. Халықтың жағдайы жаман емес. Олардың әл-ауқатын көтеруге әрекет жасалып жатыр. Жастар елін сүймейді деп айтуға болмайды. Қазір әлемдік бәсекеге ілесіп, нарықтың заңдылықтарына бейімделетін заман. Ел азаматтары білімді, отансүйгіш болуы керек. Ендігі кезекте басшы қызметтегі азаматтар халқына адал қызмет етіп, жастарды тәрбиелеуге, жұмысқа, білімге ынталандыруға жұмыс істеуі тиіс. Біз сонау қиын-қыстау кезеңде ұжымшарда еңбек еттік. Егін ектік, мал өсірдік. Халықты асырауға жағдай жасадық. Ендігі кезек – жас ұрпақта. Отандастарым білімді болып, еліміз алдыңғы қатарлардан көріне берсін, – деді ардагер.

Иә, қазір зұлмат жылдар артта қалды. «Өткенге өкінбе, сағымды қума» дейді халқымыз. Халқымыз көп қиыншылықтарды бастан өткерді. Ғасыр жасаған батыр ата ендігі ұрпақтың ондай зұлмат жылдарды көрмеуін тілеп отыр. Берекелі шаңырақтың ұйытқысы болған ардагер еліміздің амандығын тілеп, батасын берді.

«Ұрпақтарымыздың дені сау болсын, өмір жастары ұзақ болып, аман-есен Жеңіс күнінен жеңіс күніне жете берейік. Енді соғыс болмасын! Елімізде береке-бірлік орнасын. Егемен еліміздің іргетасы мықты болып, ұрпақтарымыз бақытты болсын!» деп қадірменді қария батасын берді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

smarttop

Мінсіз қызмет атқарған полицейлер марапатталды

smarttop

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДАҒЫ АВТОХҚО-дағы ЖАҒДАЙ БОЙЫНША

smarttop

Пікір қалдыру