22.3 C
Шымкент
Четверг, 19 сентября, 2024
Smarttop.kz

АҚНИЕТ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 5 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

🔷 Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Ақниет шағын ауданында бүгінде 3 140 халық тұрады. Шағын ауданның аумағында 721 жеке секторлы үй, 3 балабақша, 1 спорт алаңшасы орналасқан. Сондай-ақ, 1 талшықты интернет орнатылған. Аталған аймақ 100% ауыз су, электр желісі және табиғи газбен қамтылған. Айта кетейік, Ақниет шағын ауданындағы 21 көшенің қазір 16-ы асфальтталған болса, 5 көшеге шағал тас төселген.

Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ, Қаратау ауданында 50 шақырымды құрайтын 74 көшеге асфальт төселеді. Қаратау ауданы аумағында жалпы ұзындығы – 631 шақырымнан тұратын 595 көше бар. Оның 364 шақырымы асфальттанған көше болса, 233 шақырымын шағал тас, 33 шақырымын топырақ көшелер құрайды. Жалпы 2023-2025 жылдар аралығында 441,2 шақырымды құрайтын 466 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Айта кетейік, Шымкент қаласында көшелерді жарықтандыру жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы аясында бірінші кезекте орталық көшелер жарықтандырылған. Ал, шағын аудандар мен тұрғын алаптарда мектеп, балабақша, емхана, аурухана немесе өзге де әлеуметтік нысандар орналасқан және тұрғындар көп жүретін көшелерге басымдық берілуде. Аталған шағын аудан көшелерін 2024 жылға дейін толық 100 пайыз жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 🔷 Мәселен, келесі жылы Ақеділ, Наркескен, Ақкөгершін, Сарқырама көшелері және атауы жоқ 1 көшені асфальтталады деп жоспарланған. Сондай-ақ, 21 көшенің қазір екеуі ғана жарықтандырылғандықтан, 2024 жылы Сырғалы және Мейірімді, ал 2025 жылы Рауғаш, Асқартау, Сардар, Шағала, Ақбиік көшелері жарықтандырылады деп күтілуде. 🔷 Шымкент қаласы әкімІнің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жаңа Қазақстан құру мақсатында күрделі шаруалар атқарылуы

smarttop

«ТЕКЕМЕТ-FEST» — ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАЙТЫН ФЕСТИВАЛЬ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА СПОРТ АЛАҢШАСЫ ТҰРҒЫНДАР ИГІЛІГІНЕ ТАПСЫРЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру