16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

БИЫЛ САМАЛ-3 ШАҒЫН АУДАНЫНДАҒЫ 15 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛЕДІ

🔷 Шымкент қалалық Абай ауданына қарасты Самал-3 шағын ауданында бүгінде 27 мыңнан аса халық тұрады. Шағын аудан аумағында 6 801 жеке секторлы үй, 2 мектеп, 3 балабақша және 3 спорт алаңшасы орналасқан. Самал-3 шағын ауданында 63 көшенің қазір 30-ы асфальтталған, 30-ына шағал тас төселген болса, үшеуі топырақ жол. Айта кетейік, 2025 жылға қарай шағын аудандағы асфальт төселген көшелер санын 100 пайызға жеткізу көзделуде. Мәселен, өткен 2022 жылы Б.Момышұлы көшесінің жалғасы 1,2,3,4, Құрманғазы, Қайсенов, Өскенбай, Ерубаев, Аманжолов, Баршын көшелері жөнделген. Биыл 15 көше жөнделеді деп күтілуде, сондықтан көрсеткіш 49 пайызды қамтиды. 🔷 Ал 2024 жылы 8 көше, 2025 жылы 10 көше жөнделсе, асфальтталу жұмыстары 100 пайызға қамтылған болып саналады.Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. Ал, 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда. 🔷 Сонымен қатар биылғы жылы Яссауи көшесі жарықтандырылады. Сондай-ақ, 2024 жылы Сыздықов, Б.Момышұлы көшелері, 2025 жылы Б.Әлменов, Б.Саттарханов, Ж.Серікбаев, Ә.Тәжібаев көшесі жарықтандырылмақ. Жалпы Самал-3 шағын ауданы 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газбен, талшықты интернетпен қамтылған. Төменде 2023 жылы Самал-3 шағын ауданында жөнделетін көшелер тізімі: 1.Ұлы дала көшесі 2. Юсупов көшесі 3.Алпамыс көшесі 4. Ерназаров көшесі 5. Манас көшесі 6. Алмалы бақ көшесі 7. Қазақ ордасы көшесі 8. Мәңгілік ел көшесі 9. Тыңдала көшесі 10. Қобыланды көшесі 11. Самал жел көшесі 12. Құс жолы көшесі 13. Бесқарағай көшесі 14. Келес көшесі көшесі 15. Тамшыбұлақ көшесі 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: МОДЕРНИЗАЦИЯДАН ӨТІП ЖАТҚАН КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУІ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛДАҒЫ 3 ЖЫЛДА 5 ЕМХАНА, 200 ОРЫНДЫҚ ПЕРИНИТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

smarttop

«ЖАСЫЛ ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕРГЕ БАСТАЙДЫ

smarttop

Пікір қалдыру