«Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы мерекелік іс-шаралардан бөлек түрлі бағытта қызмет атқарады. Атап айтсақ, «Мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру», «Би ұжымы», «Эстрада және дәстүрлі әртістер ұжымы», «Оркестр» ұжымы және «Шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету» бөлімдері үздіксіз жұмыс жүргізуде.
Ал осы қалалық мәдениет үйіне қарасты тұрын алабтарда 5 мәдениет үйі мен 5 клуб бар. Атап айтқанда Қызылжар, Жаңаталап, Сайрам, Шапырашты, Қазығұрт тұрғын алабтарында 5 мәдениет үйі, сондай-ақ, Ақжар, Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Қаратөбе, Өтеміс тұрғын алабтарындағы 5 клуб халық игілігіне қызмет жасап жүр.
Яғни, идеологиялық басқару негіздерін жүргізетін мемлекеттік билік мекемелері – бұқаралық ақпарат құралдары, мәдени мекемелер, білім беру мекемелері. 1991 жылы тәуелсіздік алған Қазақстанның мемлекеттік басқару құрылымы, саяси институттары, мемлекеттік мекемелерінің қызметі КСРО-ның басқару тетіктеріне тікелей сүйенген болатын. Сондықтан, еліміздің идеологиялық саясатын жүргізу тетіктерінің бірі мәдени мекемелердің атқаратын қызметі, жұмыс істеуі – бір орталықтан басқарылатын мемлекеттік жүйеге негізделеді. Мәдениет үйлерінің жұмыс істеу бағыттарын зерделегенде еліміз бойынша маңызы бар қалалардың мәдениет басқармаларын мысалға ала отырып қарастыруды жөн санадық. Өйткені, республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент қалалары тікелей идеологиялық әрі мәдени шаһарлар болып табылады.
Мәдени нысандардың басты қызметі — талантты жастардың өнерін дамытып, оларға қолдау көрсету, қабілеті мен қызығушылығын арттыру, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету, ұлттық құндылықтарымызды сақтау және насихаттау. Бұдан бөлек, нысандарда түрлі үйірмелер ашылып, талантты балалардың өнерін шыңдап, болашағына қанат бітіруде.
Біршама мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, “Жаңаталап”, “Сайрам”, “Шапырашты” мәдениет үйлері мен “Ақжар” клубы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ғимаратта түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп келеді. Қалған мәдениет үйлері мен клубтарда жөндеу жұмыстары жоспарға қойылып, ретімен іске асуда.