0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«5-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ АРҚЫЛЫ ИПОТЕКА РӘСІМДЕГЕН 100 АЗАМАТҚА САТЫП АЛУ КЕЛІСІМ ШАРТЫ ТАБЫСТАЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған және «5-20-25» мемлекеттік бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеген 100 азаматқа тұрғын үй басқармасының мамандары пәтердің сатып алу келісім шартын табыстады. Оның ішінде көпбалалы отбасылар, толық емес отбасылар, мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, халықтың әлеуметтік әлсіз тобы санатындағы азаматтар бар. Аталған тұрғын үйлер Нұрсәт шағын ауданында орналасқан №152,153,154,155-ші үйлер. 🔷 Аталған тұрғын үйлер бойынша келісім шарт жасаспаған азаматтар болса, қалалық Тұрғын үй басқармасына келіп сатып алу келісім шартын жасаса алады. «Соңғы бес жыл ішінде үміткердің меншігінде баспанасы болмауы тиіс. Бұл-әкімдіктердің мемлекеттік тапсырысы шеңберінде салынатын несиелік тұрғын үй. Олардың өзіндік шектеулері бар, мәселен Нұр — Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау және Атырау қалаларында бір шаршы метр үшін 180 мың теңге, сондай-ақ қалған облыс орталықтарында бір шаршы метр үшін 140 мың теңге», — деді ол. «Бірыңғай тұрғын үй саясатын іске асыру атты бірінші міндеттің аясында тұрғын үйге қолжетімділік сатысы енгізіледі. Айқындаушы фактор – халықтың табысы. Әрбір отбасы мүшесіне шаққанда бір ең төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға сатып алусыз жалға берілетін тұрғын үй ұсынылады. «Бақытты отбасы« бағдарламасы бұрынғыдай 2-ден төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға, 3,1-ден төмен күнкөріс деңгейіне дейінгі табысы бар азаматтарға»5-20-25« бағдарламасы бойынша әкімдіктердің кредиттік тұрғын үйлерін алу мүмкіндігі беріледі. Табысы 3,1-ден ең төмен күнкөріс деңгейінен асатын азаматтарға «7-20-25« бағдарламасы ұсынылады», – деді ол.Бұдан бөлек Шымкентте жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде Отбасы банк арқылы баспанаға қол жеткізген болатын. Оның ішінде, 1079 пәтер «5-20-25» бағдарламасы бойынша, 250 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша рәсімделген. 🔷 Айта кету керек, «5-10-20» бағдарламасымен баспаналы болғысы келетін азаматтардың тұрғын үй кезегінде тұруы міндетті. Несие мөлшерлемесі – 5 пайыз; бастапқы жарна – 10 пайыз, ол үміткердің Отбасы банкі шотында жиналған болуы тиіс; қарызды өтеу мерзімі – 20 жылға дейін есептеледі. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ» ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА КЕЗЕКШІ БРИГАДАЛАР ШҰҒЫЛ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

smarttop

Пікір қалдыру