Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп тұруына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында ҚР «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңына сәйкес, Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданында орналасқан нысан иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Ауданда 29 әлеуметтік және жекеменшік нысандарды аралау барысында 5 нысан стандартқа сай еместігі анықталып, ескертпе жасалды. Нысан иелері 1 ай уақыт көлемінде айтылған ескертпелерді назарға алып, 2023 жылдың 30 маусымына дейін ережеге сай талаптарды орындауы тиіс. Мүгедектің тұлғалық-психологиялық бейімделуі ретінде, сонымен қатар қоғамның мүгедектік мәселесін эмоционалды-психолгиялық қабылдауы ретінде де бейнеленеді. Мүгедектер халықтың аз ынталанған тобына жататындықтан қоғамның аз қорғалған, әлеуметтік әлсіз бөлігі болып табылады. Бұл ең алдымен, мүгедектікке әкелген аурумен шақырылған, олардың физикалық жағдайының кемшіліктеріне байланысты. Одан басқа, бұл топтардың әлеуметтік қорғалғандығы, көп мөлшерде, олардың қоғамға қарым-қатынасын қалыптастыратын және олармен байланысты қиындататын психологиялық фактордың бар болуымен байланысты.
Жоғарыда аталған Заңның 25 бабының 3 тармағына сәйкес, «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ортақ пайдаланылатын тұрғын үйлерге, қоғамдық және өндірістік үйлерге, ғимараттар мен үй-жайларға кедергісіз кіріп-шығуына ұлттық стандарттарға сәйкес жағдай жасауға міндетті делінген».
Аталған заң талаптары орындалмаған жағдайда «Әкімшілік құқық бұзушылық» туралы Кодексіне сәйкес шара қолданылатынын хабарлаймыз.
Осыған байланысты өз нысандарыңызды мүмкіндігі шектеулі азаматтардың жүріп-тұруына қолайлы пандус, таймайтын төсеніш, шатыр, тірек, кіре беріс есіктеріне кедергісіз табалдырықтар, санитарлық-гигиеналық тораптар, арнайы автотұрақ орнатуыңызды сұранамыз.
Анықтама үшін телефондар:
Әлеуметтік қорғау, мәдени даму және мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Телефон: 8/7252/54-07-92
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі