Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫНДА 23 МЫҢ ЖАНКҮЙЕР ЕЛІМІЗДІҢ ӘНҰРАНЫН ОРЫНДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласында футболдан Қазақстан чемпионатының 12-ші туры аясында Ордабасы мен Атырау командалары арасында тартысты матч өтуде. Ойынның ашылу салтанаты сәтінде 4 маусым Рәміздер күніне орай ҚР еңбек сіңірген әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, опера әншісі Майра Мұхамедқызымен бірге орталық стадионға жиналған 23 мыңнан аса жанкүйер бір мезетте еліміздің әнұранын шырқады.
Көк туымыз қалықтаған аспан астында шабыт алған футбол шеберлерінің бұл ойыны тартысқа толы болды. Матч Ордабасылықтардың 2:1 есебіндегі жеңісімен бітті. Ойын барысы жанкүйерлерге тамаша әсер қалдырды. Бұл ойынды көруге келген жанкүйерлердің көңіл-күйінен айқын байқалды.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫММЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

smarttop

ЖАЙЛЫ МЕКТЕП: НҰРШУАҚ ШАҒЫНАУДАНЫНДА 2 МЫҢ ОРЫНДЫҚ МЕКТЕП САЛЫНУДА

smarttop

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы

smarttop

Пікір қалдыру