13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА БИЫЛ 28 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛАДЫ

🔷 Шымкент қалалық Еңбекші ауданы көшелерін жарықтандыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Алдағы уақытта бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандарға баратын орталық көшелер назарға алынады. Мұнан соң қалған көшелер мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағытта кезең-кезеңімен жарықтандырылатын болады.

🔷 Қазіргі таңда аудан шекарасының өзгеруіне байланысты жарықтандырылған көше саны – 89-ды құрап отыр. Сондай-ақ, Еңбекші ауданы аумағындағы 2022 жылы 121 көшесі жарықтандырылған болатын. Ал биыл 28 көше жарықтандырылады деп күтілуде.

Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғылары – бұл арнайы электр техникалық құрылғылар, үйжайларды, ғимараттарды, территорияларды, сондай-ақ, жануарларды, құстарды немесе ауылшаруашылық өнімдерін УК сәулелендіруге және ИҚ жылытуға арналған.Жарықтандыру және сәулелендіру қондырғыларының негізгі элементтері жарықтандырғыштар және сәулелендіргіштер болып табылады.Жарықтандырғыш – бұл жарықтандыру көзінен және арматурадан тұратын, жақынға эсер етуші жарықтандыру аспабы.Сәулелендіргіш – бұл УК- немесе ИҚ-сәуле көзінен және арматурадан тұратын, аспап.Жарықтандырғыштар мен сәулелендіргіштер арматурасы сәулелендіру ағынын таратуға, жарық көзін механикалық зақымдалудан қорғау, оны бекітуге, оған электр энергиясын әкелуге және сәлелендіру көзінің соқырлату әсерінен адамның көзін қорғау.

Арматура тұрқыдан, шағылыстырғыдан, шам ұстатқыштан (немесе потроннан) және бекіту бөлшегінен тұрады. Одан басқа, шашыратқыш немесе қорғау шынысы, ал газ-разрядтық шамдарымен тағы да жүргізу-реттеу аппараттары (ЖРА) болуы мүмкін. ЖРА құрамына индуктивтіліктің арнайы катушкасы немесе арнайы трансформатор, стартер (қосқыш), конденсатор және басқалар кіреді.

🔷 Сонымен биыл жарық шамдар орнатылатын көшелер тізімі төмендегідей:
1.Озған Ата көшесі /Кеңсай-2 көшесі
2.Мойынқұм көшесі
3.Юсупов көшесі
4.Ұйғын-Қошалы ата көшесі (Испиджаб тұрғын алабы)
5.Айдын /Тәңір құт көшелері
6.Қойкелді батыр көшесі
7.Құрбан ата көшесі
8.Құрманғазы көшесі
9.Қайып ата көпірі
10.Е.Исраилов көшесі
11.Әмір аға/ Саяжол көшелері
12.Қ.Сарымолдаев көшесі
13.Достық көшесі
14. №12 шағын аудан ішкі кварталы
15.Жастар көшесі
16.Ақорда (Шаңырақ шағын ауданы)
17.Набережная көшесі
18. Абзал көшесі
19.Далабазар көшесі
20.Қапал батыр көшесі
21.Сатыбалдиев көшесі
22.Асылтас көшесі (Шаңырақ шағын ауданы)
23.Айбота көшесі (Шаңырақ шағын ауданы)
24.№43 орта мектебі (№12 шағын ауданы)
25.Жастар-2 көшесі
26.Мәделі Қожа көшесі
27.Қалтаев көшесі
28.Қазанғап батыр көшесі

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

smarttop

МӘДЕНИЕТ ОШАҚТАРЫ – ҚАЛАМЫЗДЫҢ РУХАНИ АЙНАСЫ

smarttop

«ҚЫЗЫЛ ЖҰЛДЫЗ » ОРДЕНІ ИЕГЕРІ ШЫМКЕНТТЕ ТҰРАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру