Smarttop.kz

Танысын 5 миллион қарызға батырған күдікті әйел анықталды

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, танысы «бірге мал шаурашылығымен айналысамыз» деп сендіріп, 5 000 000 теңге несие алдырған. Алайда ақша алғаннан кейін танысы жасырынып, берген уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай әбігерге салған.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.

Осы жайтқа байланысты алаяқтық қылмысын ашу мақсатында полиция бөлімінде тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіруі нәтижесінде күдіктінің жеке-басы анықталып, полицияға жеткізді. Ол жергілікті тұрғын әйел адам болып шықты.

Белгілі болғандай, ұсталған күдікті әйел алдау жолымен алған ақшаны өзінің қажеттілігіне жаратып жіберген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тәртіп сақшылары күдіктінің бұдан басқа да қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

smarttop

Полиция департаментінің бастығы облысқа қарасты аудандық және қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 145 ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ БЕРІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру