0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: «БЕЙБІТШІЛІК ЖӘНЕ КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

🔷 Шымкент қаласында этносаралық келісімді сақтау мен нығайту, этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу бойынша №105 жалпы орта мектебінде «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында тұрғындарды қабылдау өтті. Жобаның мақсаты – этноәлеуметтік қақтығыстардың алдын алу шараларын әзірлеу, негізгі бағыттар бойынша өңірлердің проблемаларын анықтау, нақтылау және оларды шешу. 🔷 Әртүрлі сала мамандары мен құқық қорғау органдарынан жасақталған топтар тұрғындар арасында 7 бағыт бойынша: «Этносаралық келісім», «Әлеуметтік және еңбек проблемаларын шешу», «Халықтың денсаулығы», «Халыққа білім беру», «Бизнес ортаны дамыту», «Конфессияаралық келісім», «Заңдылық, тәртіп және қауіпсіздік» қабылдаулар жүргізді. Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында кәсіп ашу, грант және несие алу бойынша мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында тұрақты жұмыспен — 29 адам, ақылы қоғамдық жұмыспен – 13 адам, әлеуметтік жұмыс орындарымен – 53 адам, жастар практикасымен – 141 адам, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грантпен – 20 адам қамтылды. 30 адамға жеке қоғамдық қабылдау жүргізіліп, толығымен мәселелері шешімін тапты.

🔷 Жоба аясында азаматтарды қабылдап, олардың өтініштерін тыңдап, шешу жолдарын тиісті мемлекеттік органдармен бірге қарастыратын болады. Қабылдауға келген 42 азаматтың басым көпшілігі әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту, жер, жол, инфрақұрылым мәселелері бойынша талап тілектерін жеткізді. Сонымен қатар қабылдауға келген азаматтарға әртүрлі сала мамандары жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында жұмыс күші тапшы өңірлерге берілетін квоталар туралы кеңінен ақпараттар берілді. Жоба аясында келесі қабылдау Абай ауданының Қызылжар шағын ауданында жалғасын табатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛЫҚТЫ САҚТАУ, ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ КҮШЕЙТІЛСІН!»

smarttop

Полиция қарт тұрғыннан арқардың мүйіздері мен патрондар тәркіледі

smarttop

ШЫМКЕНТ: 750 отбасыға көмек берілді

smarttop

Пікір қалдыру