Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА 153 ЖОБА ҚОЛДАУ ТАПТЫ

🔷 Жыл басынан бері қалада кәсіпкерлерді қолдау мақсатында «Іскер қала» бағдарламасы аясында 153 жобаға 412 млн. теңгенің қолдауы көрсетілді. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

🔷 Бағдарламада жастар мен әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мақсатында 1 пайыздық мөлшермен 10 млн. теңгеге дейін несиелендіру, өндіріске бағытталған 2 пайыздық мөлшермен 50 млн. теңгеге дейін несие беру қарастырылған.
Сондай-ақ жергілікті бюджеттен шағын кәсіпорындардың өнеркәсіптік парктердегі үш жылдық жалдау ақысының шығындарын 25-75% дейін өтеу тетігі де қамтылған.

🔷 «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» бірыңғай орталығында 33 мыңға жуық кәсіпкерге бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап, жобаны пайдалануға беруге дейінгі құжаттарға қолдау көрсетілуде. Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді кәсіпкерлік нысандар саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты.
Қалада өткен жылы 24 800 орындық 43 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 4-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 4-тен 3-ке азайған. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешу көзделуде. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов баяндады.

🔷 Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында мегаполисте 2025 жыл соңына дейін 28 мың орындық 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2 Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның 1-уі жуырда пайдалануға беріледі. Одан бөлек, 2029 жылға дейін сыйымдылығы 750 орындық 5 өнер мектебінің құрылысы жоспарлануда.
Қалада 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысын жүргізіп, 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда. Бұл туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қала әкімі М.Әйтенов мәлімдеді.
Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа медициналық орталық ашылды. Соңғы 4 жылда 12 жеке медициналық орталық пайдалануға беріліп, қаладағы мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды.

🔷 Жалпы, соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасын жақсарту деңгейі 67 пайыздан 79 пайызға артты. Осы бағытта атқарылып жатқан қыруар жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері қалада жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға, нәресте өлімі 20,6% — ға төмендеді. Ана өлімі тіркелмеген.
Республика бойынша алғаш рет қалада бастау алған «Шымкент жастар лигасы» бірегей жобасының жылдан-жылға ауқымы кеңейіп отыр. Лигаға биыл 151 мектептен 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.
Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы, «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

🔷 Жыл соңына дейін әр ауысымда 250 баланы қабылдайтын 2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, қолданысқа берілетін болады.
Биыл қалада жан басына қаржыландыру жүйесі арқылы спорттық үйірмелерге 19 мыңнан астам бала қатысты.
Шымкентте соңғы бес жылда 3 млн. 700 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй салынған және оның 2 миллионы соңғы екі жылда берілді.
-Ендігі кезектегі межеміз — жыл сайынғы тұрғын үй көлемін 2 млн. шаршы метрге жеткізу. Ол үшін құрылыс алаңын бірінші кезекте инфрақұрылыммен дер кезінде қамтуымыз қажет, — деді қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы Астана қаласында өткен ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінінің баспасөз брифингінде.
Бүгінде тұрғын үй кешенін тұрғызу мақсатында құрылыс аумақтары айқындалып, инженерлік жүйелерді жобалау жұмыстары басталды.
Биыл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде 4 445 отбасы баспанамен қамтылады. Алайда мемлекеттік бағдарламадан тыс қалып отырған әлеуметтік санаттағы азаматтар да бар.

🔷 Аталған санаттағы азаматтарды тұрғын үймен қамту үшін «Қамқор» жергілікті тұрғын үй бағдарламасы қабылданды. Айта кетейік, бағдарламаның биылғы конкурсына 150 лимит бөлінген, мәселен мұндағы «Қамқор» бағдарламасының шартына сәйкес қатысушы азамат 20 миллион теңгеге дейін 5 пайыздық жеңілдетілген несиемен баспаналы бола алады. Бағдарламаны жүзеге асыруға 3 млрд. теңге бөлінді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АБАЙ АУДАНЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР НЫСАНДАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ КЕЗЕҢІНДЕ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ БАСТЫ НАЗАРДА

smarttop

ШЫМКЕНТ: ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИССИЯНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру