16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

МЕКТЕПТІҢ ЖАҢА ҚОСЫМША ҒИМАРАТЫНДА 300 ОҚУШЫ БІЛІМ АЛАДЫ

🔷 Бүгін Шымкентте қала күніне орай С.Королева атындағы №45 мектеп-гимназияның қосымша корпусының ашылу салтанаты өтті. Үш жүз оқушыға арналған үш қабатты қосымша ғимараттың құрылысы былтыр басталған. Спорт залы, жаттықтырушы бөлмесі, психолог пен логопед кабинетімен қамтылған нысан заманауи құралдармен жабдықталған. Қала күнімен тұспа-тұс келген ашылу рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.Деңгейлеп оқытуда көзделетін мақсат – балаға білімді даяр түрде берілмей, мұғалім баяндап бермей, олардын алдына белгілі проблеманы міндетті қойып, соны өздері шештіруге бағыттау. Деңгейлік оқытудың негізгі ерекшелігі баланың  білетіні мен білмейтінің және проблемалы міндетті шешуге дайын тұрған тәсіл болғандықтан, проблемалы жағдай пайда болады, осыған орай, баланың  ізденушілік әрекеті мен ынтасы күшейе түседі.Білімнің  жаңа мазмұнын жүзеге асыру үшін жаңа технологиялар қажет –ақ. Жаңалықты  меңгеру мен жүзеге асыруда дұрыс  түсінбеушілік ұйымдастырушыға  әртүрлі кедергі жасайтыны белгілі. Сондай педагогикалық технологиялардың бірі оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту.

🔷 Айта кетейік, жазғы демалыс кезінде мұндағы мектеп жанынан балалар лагері ұйымдастырылған. Мектептен тыс уақытын тиімді пайдалану үшін лагерьге келген оқушылар бұл күні өз өнерлерін көрсетті, қылқалам туындыларын ұсынып, ән мен күйден әсерлі, әдемі көңіл-күй сыйлады. Айта кетейік, жаңа корпуста күзет бөлмесі, асханадан бөлек, информатика және АКТ, қазақ тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, ағылшын тілі, химия, физика, биология пәндеріне арналған кабинеттер мен STEM кабинет және дебат қозғалысына арналған кабинет бар. 🔷 Мұнан бөлек физика, химия және биология зертханалары да қарастырылған. Ал мектеп-гимназияның ауласында балалар алаңы мен шағын футбол алаңы салынған. Осылайша қаламызда үш ауысымды мектептер мәселесі бірте-бірте биыл шешімін табатын болады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫС ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ҰСЫНЫСТАРЫ МЕН ӨТІНІШТЕРІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

ПСИХИКАЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫНА ЖИНАЛҒАН МАМАНДАР ТЕМЕКІНІҢ ЗИЯНЫ ЖАЙЫНДА КЕҢІНЕН ТҮСІНДІРДІ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ТЕАТРДЫ ЖАБДЫҚТАУ МӘСЕЛЕСІН ШЕШУДІ ТАПСЫРДЫ

smarttop

Пікір қалдыру