Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТІК МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚО-ЛАРДЫҢ ЖҰМЫС КЕСТЕСІ ӨЗГЕРДІ

«Азаматтарға арналған үкімет» Шымкент қаласы бойынша филиалы 2023 жылдың 1 шілдесінде елге 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген шетелдік автокөліктерді заңдастыруға өтінімдерді қабылдау аяқталатынын ескертеді.

Осыған байланысты, шетелдік автокөлікті заңдастыру үшін қаламыздағы МХҚО-лар күшейтілген жұмыс режиміне ауысады. Олар азаматтарды Дүйсенбі жұма аралығында сағат сағат 9:00–ден 19:00–ге дейін (құжаттарды беру — 20:30-ға дейін), сенбі күні — 9:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттарды беру-19:30-ға дейін) қабылдайды.Бұл ретте жұмыс кестесі тек автокөліктерді заңдастыруға ғана қатысты. Жүргізуші куәлігі әдеттегі кесте бойынша беріледі.

Айта кетейік, 1 шілдеден бастап заңдастыруға өтінімдерді қабылдау тоқтатылады. Көрсетілген мерзімге дейін келіп түскен барлық өтінімдер талаптарға сәйкес қаралатын болады. Анықтама:
Мамандандырылған ХҚО мекенжайлары:
№1 мамандандырылған ХҚО: Достық м.а, 2343/1.
№2 арнайы ХҚО: 119 квартал, 381/1, Ташкент айналма жолы.

Ұқсас ақпараттар

АЗЫҚ-ТҮЛІКТІ ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНА БИЫЛ 7,4 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

smarttop

«ТЕКЕМЕТ-FEST» — ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАЙТЫН ФЕСТИВАЛЬ

smarttop

«ІСКЕР ҚАЛА»: КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ЖАЛДАУ АҚЫСЫНЫҢ 75 % МЕМЛЕКЕТТЕН ТӨЛЕНЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру