Smarttop.kz

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов полицейлер мен мемлекеттік қызметшілерді құттықтады

🔷 «Құрметті тәртіп сақшылары!
Қадірменді әріптестер!

🔷 Бүгін елімізде қос кәсіби мереке аталып өтуде.
23 маусым – Қазақстан полициясы күні және Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесі!

🔷 Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Елдің амандығы, халықтың тыныштығы үшін күні-түні аянбай қызмет ететін сала қызметкерінің жауапкершілігі зор, еңбегі орасан. Ішкі істер органдары мемлекеттік биліктің ең маңызды құрылымдарының бірі ретінде қоғамда құқықтық тәртіпті сақтау мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде айрықша маңызға ие.
Елдің беріктігін нығайту жолында полиция қызметі Тәуелсіздігіміздің қастерлі міндеттеріне көлеңке түсірмей, ел тыныштығын сақтауға өз үлестерін қосып келеді. Осынау қыруар еңбектеріңіз үшін қала халқының атынан сіздерге алғысымды білдіремін.
Мемлекеттік қызметші болу – халық игілігі жолында аянбай еңбек етіп, елдің дамуына септесу. Әріптестерімізге еліміздің егемендігін және біртұтастығын қолдау және дамыту бойынша айрықша міндеттер артылған. Осынау абыройлы міндеттерді орындауда, қаламыздың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін алғыс білдіремін.

🔷 Барлық полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлерді төл мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат пен ұзақ өмір тілеймін! Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөлініп, қызметте абырой биігінде болыңыздар!»

Ұқсас ақпараттар

Тұрғынның алтыны мен ақшасын көз алдында алдап алып кеткен өзбекстандық екі әйел ұсталды

smarttop

«Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба

smarttop

4 000 000 теңгеден астам шығын келтірген бақташы анықталды

smarttop

Пікір қалдыру