16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ «DOMBYRA PARTY» ӨТТІ

🔷 Бүгін Арбат демалыс аймағында Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» Жастар қанаты Шымкент қалалық филиалы бірлесе ұйымдастыруымен «Dombyra party» өтті. 🔷 Мақсаты – ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қазіргі сәнге айналдыру және қазақтың төл аспабын насихаттап, ұлттық өнерді паш ету. 🔷 Іс-шараға Шымкент қаласы «Miras» кеңесінің мүшелері, Шымкент қаласы «Жастарды қолдау» кеңесінің мүшелері, Жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері, Саз колледжінің оқытушылары, мектеп оқушылары, «Жастар рухы» Жастар қанатының мүшелері, Падишах және Балдаурен би топтары қатысты.

Домбыраның үнің жырламаған қазақ, естімеген құлақ жоқ шығар. Бұл аспаптың сазды әуені, бір пенденің құлағына жетсе болғаны, жүрегін жылытып, күмбірлеген қоңыр дауысымен адамды жаулап алады. Сол үнімен қазақ елін, жерін тербеп, бірге біте қайнасады. Осы жерден домбыраның тілін шығара білген күйшілердің шеберлігіне шыңдап айту мүмкін емес. Олар домбыраның құлағында ойнаған Біржан Сал, Ақан Сері, Үкілі Ыбырай сынды күйшілер. Олар тек қана терме тартып, күй шығарған жоқ, олар өлең мен сөзді дос қылып, құрамына даланың, халықтың әнің, зарын кіргізе білген дара күйшілер.

Міне бүгінгі бас қосуымызда даланың киесіне, халықтың бойтұмарына айналған домбыра әуенін тыңдап, құндылығымызды дәріптейтін кешімізге қош келдіңіздер.

Ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде-кем. Халқымыздың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлі жырлағандай: «Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра».

Біз ұлттық аспабымыздың бүкіл әлем мойындаған мәдени құндылыққа айналғанын мақтан етеміз. Атадан балаға аманат болған осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.

Шілде айының 2-жұлдызында орталығымызда «Домбыра Party» кеші болып өтті. Кеш барысында қос ішекті аспаптың қыр-сырын жетік меңгерген оқушыларымыз өнер көрсетті. Түрлі әндер шырқалып, күйлер тартылды. Кеш барлық балдәурендіктердің көңілінен шыққанына сеніміміз мол!

🔷 Ұлы мұрамызды ұлықтайтын іс-шараға 50-ден аса жас күйші қатысып, домбырада түрлі күйлер мен әуезді әндерді орындады. 🔷 Іс-шара соңында домбырашыларға алғыс хаттар мен домбыра мүсіндері естелікке табысталды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ ОҚУ КУРСЫН АЯҚТАҒАН 200-ДЕН АСТАМ КӨПБАЛАЛЫ АНА ЖЕКЕ КӘСІППЕН АЙНАЛЫСУДА

smarttop

Полицейлер алаяқтық жолмен алынған ойын құрылғысын иесіне қайтарды

smarttop

«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ – ЗАҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДЕГІ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

smarttop

Пікір қалдыру