0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 30-ДАН АСТАМ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТҮРІ КӨРСЕТІЛДІ

Шымкент қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы құзыретіне «Құрылыс және реконструкция жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет түрі жүктелген.

Қаладағы құрылыстарды, ғимараттарды, тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды, жеке тұрғын үйлерді реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау, қосымша жер учаскесін бөлу, қасбеттерді реконструкциялау Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін негізге ала отырып жүргізіледі. Жауапты мекемеден мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мынадай: (егер үй-жайларды (тұрғын үйдің бөліктерін) жоспарланған реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) немесе үй-жайлардың шекарасын ауыстыру өзгертілетін үй-жайлармен (үйдің бөліктерімен) көршілес басқа үй-жайлар (үйдің бөліктері) меншік иелерінің мүдделерін қозғайтын болса, олардың нотариалдық куәландырылған жазбаша келісімі, өзгертілетін үй-жайға өтініш иесінің меншік иесінің техникалық паспортының көшірмесі (тұпнұсқа салыстыру үшін ұсынылады), техникалық жоба, сауалнама парағы (қосымша инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда).

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
Порталға құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 15 (он бес) жұмыс күні, ал дәлелді бас тарту – 5 (бес) жұмыс күні болып табылады. Басқарма тарапынан 2023 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша 32 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ — ЖАРЫҚ ҚАЛА

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ЖАЛПЫ ҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ МЕДБИКЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ GPS ҚҰРЫЛҒЫ АРҚЫЛЫ БАҚЫЛАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру