5.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкент қаласының Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Бауыржан Әлтеев жетекшілік еткен жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов қатысты. Күн тәртібінде Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының атқарып жатқан жұмыстары туралы есебі, басқармаға қарасты мекемелердің қызмет көрсету сапасы талқыға түсті.
Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Балмаржан Нарбекова 2023 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстарды баяндап, кеңес мүшелерінің сұрақтарына жауап берді.
Балмаржан Полатқызының баяндауынша, Шымкент қаласы бойынша зейнеткерлер саны – 87 497, оның ішінде ҰОС ардагерлер саны – 3, тыл еңбеккерлері – 2 155. Мәслихаттың шешіміне сәйкес, зейнет жасындағы азаматтарды санаторлық-емдеумен қамтамасыз ету мақсатында 4 992 ардагер мен зейнеткерлерге жолдама беру үшін бюджеттен 688,8 млн.теңге бөлініп, қазіргі таңда «Айша бибі», «Ақсу демі», «Денсаулық» шипажайларына 150 азамат жолданған. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл бойынша мәселе көтеріп, жолдама санының аздығын айтты. Осы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстарын жеткізді.
Сондай-ақ, кеңесте мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету мәселесі де айтылды. Қазіргі таңда Шымент қаласында 40 567 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Жыл басынан мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қызметтер порталы арқылы қажетті құралдар мен қызметтерге тапсырыс беруі іске қосылды. Яғни, мүгедектігі бар азаматтар қажетті құралдар мен қызметтерді өзінің электрондық қолтаңбасын пайдалана отырып, әлеуметтік қызметтер порталы арқылы тапсырыс бере алады. Кеңес мүшелері порталдың да жұмысын пысықтауға ұсыныс білдірді.
Жиында айтылған тағы бір мәселе мемлекеттен бөлінетін қайтарымсыз грант мәселесі болды. 2023 жылы 4 лек негізінде 447 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланып, бүгінге дейін 2 лек бойынша 224 адамға қайтарымсыз қаражат беріліпті. Кеңес мүшелерінің «грант алған азаматтардың жобасының іске асуы қадағаланады ма?» деген сұрағына басқарма басшысы грант алғандардың 90 пайызы кәсібін бастап кеткенін атап өтті. Осыған байланысты Балмаржан Нарбекова жаңа қолданысқа енген Әлеуметтік Кодекстегі негізгі жаңалықтардың бірі – «Отбасының цифрлық картасы» жайында сөз қозғады. Енді отбасы және әлеуметтік жағдай туралы барлық дерек бір жерге жинақталып, базаға енгізіледі. Карта отбасылар немесе отбасы мүшелерінің әлеуметтік санатына және отбасылық әл-ауқат дәрежесіне қарап мемлекеттік қолдаудың қандай түрін алуға құқылы екендігін жеткізіп отыратын электрондық жаршы құралы қызметін атқаратын айтты. Мемлекеттік қолдауды проактивті форматта жүргізу көзделген. Яғни азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен көмектер ақпарат жүйесінде бар деректерге негізделіп тағайындалады.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов маңызды жиналыс өткізді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 285 ЖАСҚА ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОҚУ ГРАНТЫ БӨЛІНЕДІ

smarttop

ҚЫЗЫЛСАЙ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ТЕМІРЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру