Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының орталық көшелерінде қоқыс жәшіктері жаңартылуда. Қала әкімі М.Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, Әл-Фараби ауданы аумағындағы орталық көшелерге биылғы жылы 200 дана қоқыс жәшігі орнату жоспарланып, қазіргі таңда оның 40 данасы жаңартылды. Келесі жылы аудан бойынша 200 қоқыс жәшігін орнату жоспарланған.
Осыған байланысты қала басшысы қала көшелерінде арнайы қоқыс тастайтын жәшіктер орнату туралы тапсырма берген болатын. Берілген тапсырмаға сәйкес Еңбекші ауданы аймағындағы Тәуке хан даңғылы мен Елшібек батыр, Ж.Аймауытов көшелерінің бойына кіші қоқыс жәшіктері орнатылды.
Сонымен қатар қала қонақтары мен тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру мақсатында орындықтар да қойылды.
Айта кету керек, қойылған орындықтар мен қоқыс жәшіктеріне қаланың логатипі мен Еңбекші ауданының аты жазылып, сәнделген. Шымкенттіктердің игілігіне арналып жасалған осындай арнайы заттарды ұқыпты пайдалану да маңызды.
Алдағы уақытта қаланың 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына сәйкес, қаланың басқа да орталық көшелеріне кезең-кезеңмен орындықтар мен кіші қоқыс жәшіктері орнатылатын болады.
Жалпы, қала тазалығы күн тәртібінен түспейтін негізгі мәселелердің бірі. Соған сәйкес тұрғындар арасында белгіленбеген орындарға қоқыс тастау жағдайларын болдырмау мақсатында жұмыстар жалғасын таба береді. Дегенмен, қоршаған ортаны қорғау әрбіріміздің міндетіміз.Көше мәдениетін қозғағанда ең алдымен тазалықты сөз ететініміз анық. Өйткені, көшедегі мәдениеттіліктің бастауы тазалық екені айтпаса да түсінікті. Тіршіліктің түрлі себептерімен көшеге шыға қалған жағдайда, әуелі көшелердің әр бұрышында шашылып жатқан қоқысты байқауға болады. Яғни тұрғындар қолындағы затты қоқыс алаңына апарып тастаудан гөрі, аяқ астына тастай салғанды дұрыс көреді. Қала берді көпқабатты тұрғын үйлердің алдында да, артында да шашылып жатқан темекі қораптары, түрлі сусындардың ыдыстары, қалбырлар, пакеттер сияқты нәрселер ешбір адамға жағымды әсер сыйлай қоймайды.Әрбір адам өзінің көшесін, ауласын таза ұстау арқылы қоғамға пайдасын тигізеді. Ал қоршаған орта күл-қоқысқа толып жатса, оның адам денсаулығына тигізер зияны көп. Сол себепті де тұрғындар айналаны ластамай, біреудің айтуымен емес, өздерінің денсаулықтары үшін санитарлық тазалыққа мән беріп қарағаны жөн.
Қоқыс жәшіктері қаламыздың көркіне сән беру мақсатында ерекше дизайнды, әрі көлемі үлкен етіп таңдалған. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі