🔷 Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов «Ақжар» қосалқы станциясына барып, ондағы құрылыс жұмыстарына бірқатар шолу жасады. Жалпы аумағы 732 шаршы метрді құрайтын «Ақжар» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары 2019 жылдан бастап жүргізілуде.
Қазіргі уақытта «Забадам» қосалқы станциясынан «Ақжар» қосалқы станциясына дейінгі қазылған электр кабелінің ұзындығы 12,3 шақырымды құрайды.Бүгінде Абай ауданындағы Ақжар елді мекенінде инфрақұрылыммен қамту жұмыстары қолға алынған. Ауыз су және электр жарығымен толық, табиғи газбен 71 % қамтылған. Қазіргі таңда мердігер «Ремстрой» ЖШС табиғи газ жүйелерінің құрылысын атқаруда. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде.
Өткен жылы 8 көшеге шағал тас төселді. Биыл Сейфуллин, Қорғалжын, Шандыкөл, Жетіқара, Өркен, Мұратбаев, Шымбаз және тағы басқа бірқатар көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Тұрғын алапта 2021 жылы 2 көше жарықтандырылды. 3 спорт алаңша орнатылса, биыл 1 балалар ойын алаңшасы және 1 спорт алаңшасын орнатуға конкурс жарияланған. Базалық станция құрылысы да жыл соңына дейін аяқталмақ.Абай ауданына қарасты Ақжар тұрғын алабы 2810 гектар аумақта орналасқан. Онда 5 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Бір мектеп пен бір балабақша, медбекет, 4 спорт алаңшасы бар. Бұл жылы тағы 1 спорт және 1 балалар алаңшасы салынады. Мұндағы тұрғындар жолдарды асфальттап, үш ауысымды мектептің мәселесін шешіп беруін қалайды.
🔷 Станцияда орнатылатын негізгі жабдық 110 кВ трансформаторы. Нысанның құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айының соңына дейін аяқталатын болады.
Нәтижесінде «Ақжар» станциясы арқылы 50 мыңға жуық халық, сондай-ақ сол аумақтағы бизнес нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілуге мүмкіндік алады.
Мұрат Дүйсенбекұлы құрылыс сапасын назарға ала отырып, жұмысты жеделдетуді тапсырды.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі