16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

АУАНЫ ЛАСТАЙТЫН АВТОКӨЛІК ИЕЛЕРІ ЖАУАПКЕРШІЛІККЕ ТАРТЫЛАДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, атмосфераға тарайтын улы заттардың мөлшерін азайтуға бағытталған «Таза ауа» экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Акция көшедегі автокөліктерді рейдтік бақылау бағытында өтті. Іс шараның мақсаты қаладағы атмосфералық ауаның ластану деңгейін төмендету.
Рейд барысында Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының мамандары, Шымкент қаласы бойынша экология департаментінің сынақ зертханасы және Шымкент қаласы патрульдік-бекеттік полиция экипажымен бірлесіп автокөліктен шығатын тыныс алуға зиянды, әрі ауа ластайтын шығарындылар тексерілді.

– Өткен жылы индустриалды аймақта 8 кәсіпорынға тексеру жүргізіліп, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам 12 әкімшілік айыппұл салынды. Ал биыл жылдың 10 айында 18 кәсіпорын тексеріліп, жалпы сомасы 36 млн теңгеден астам 42 әкімшілік айыппұл салынды. Қазіргі таңда ауаның ластануы 4 деңгеймен сипатталады: ластанудың өте жоғары деңгейі, жоғары деңгейі, көтеріңкі деңгейі және төменгі деңгейі. 2022 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша Шымкент қаласы көтеріңкі деңгейде тұр. Тексеру барысында анықталған негізгі бұзушылықтар: экологиялық рұқсатсыз жұмыс істеу, ластаушы заттарды тазалалау қондырғыларсыз, фильтрлерсіз тыс ауаға тастау, рұқсаттарда ескерілмеген қосымша ластау көздерін пайдалану және белгіленген мөлшерден жоғары көлемде ластаушы заттарды ауаға тастау болып табылады. Аталған бұзушылықтар қаладағы ауа сапасының төмендеуіне әкеліп соқтыруда.

🔷 Рейдте көшедегі автокөліктер тоқтатылып, оның ішінде уыттылық пен түтінділік бойынша тиісті нормалардан асып түскен көлік жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 334-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алдағы уақытта «Таза ауа» экологиялық акциясы тұрақты түрде жалғасатын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер лицензиясыз темекі сатқан тұрғынды анықтады

smarttop

«БІЗ ЖҰЛДЫЗ БОЛЫП ЖАНАМЫЗ»

smarttop

КЕНТАУДЫ ГАЗДАНДЫРУДА ТҮРКІСТАН ТӘСІЛІ ҚОЛДАНЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру