🔷 Шымкентте елдімекендерге канализациялық желілерді тарту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазір Мирас, Шапағат-2 шағынаудандарында кәріз жүйелерінің құрылысы жалғасуда. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов жауаптылармен бірге елдімекендерге барып, осы бағыттағы құрылыс қарқынын қадағалады. Аталған елдімекендерге канализациялық желілерді жүргізу бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, 2020 жылы сараптамалық қорытынды алынған болатын.
🔷 Құрылысқа 30 адам, 7 арнайы техника жұмылдырылуда. Өндірістік кестеге сай құрылыс жұмыстары жылдың соңына дейін аяқталатын болады. Мирас-Шапағат-2 нысанында жоспар бойынша жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізіледі. Осыған дейін жұмыстардың 85% аяқталған.
М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс сапасын назарға алып, абоненттерді орталықтандырылған желіге қосуды жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Сылдырап аққан су бұлақтың емес, кәріз қалдығының суы. Қазақстан ауылындағы шарап зауыты, емхана және көпқабатты үйлердің қалдықтары құбыр арқылы қалаға қарай ағуы тиіс. Алайда құбыр жарылып, осыдан 3 жыл бұрын істен шыққан екен. Содан бері жөндеу көрмеген. Ал су әлі күнге дейін осылай ауыл арасында жайылып ағып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, егіс даласына су жіберетін арыққа кәріздің қалдығы үнемі толып қалады.
Көптің басты талабы құбыр жарылған аумақтағы шұңқырды қоршау. Оның тереңдігі 2 метр. Оған қоса арықтың маңайына арнайы белгі қою қажет. Себебі, жер үйлерге жақын. Жағдайдан хабардар округ әкімі болған оқиғаға ата-ананы кінәлап, құбырды жөндеуге кірісетінін айтты.
🔷 Биыл Тассай, Тұран, Қайтпас-2, 112- орам, Бозарық шағынаудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % — дан 65 % — ға артатын болады.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі