🔷 Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов күрделі жөндеуден өтіп жатқан Ә.Қастеев атындағы колледж жатақханасының құрылыс барысын қадағалау мақсатында нысанды аралады. Студенттердің жазғы демалыс сәтінде қолға алынған күрделі жөндеу қарқынды жүргізілуде, бүгінде 65 пайыз жұмыстар орындалған. Яғни, мұнда күрделі жөндеу жұмыстары мамыр айынан бастап жүргізілді.
Ә.Қастеев атындағы Шымкент көркемсурет училищесі 1995 жылдың 11 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандартына сәйкес Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің 1998 жылы 30 қаңтарынан 2002 жылдың қыркүйегіне дейін берілген Мемлекеттік лицензиясына сәйкес /серия БМ №0000150/ мамандықтар даярлайды. 2002 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2002 жылы 7 қаңтарда шектелмеген мерзімге берілген Мемлекеттік лицензиясына сәйкес /серия АА0000299/ жұмыс істеді.
МКҚК ОҚ облысы білім басқармасы “Ә.Қастеев атындағы ОҚ өнер және дизайн колледжі” №13006787 сериялы мемлекеттік лицензия негізінде білім беру қызметі ҚР БжҒМ 2013 ж. 20.05. №13006787 және ОҚ облысы бақылау департаменті берген лицензия бойынша мамандықтар даярлайды.
Жоспар бойынша биылғы жылдың қараша айында бітуі тиіс.
Мұрат Дүйсенбекұлы мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын жауапкершілікпен атқаруды тапсырды. Бастысы колледж студенттеріне жайлы жағдай жасау үшін құрылыс жұмыстары сапалы, әрі жауапкершілікпен орындалу керек.
🔷 Айта кетейік, қаламыздағы Ә.Қастеев атындағы өнер және дизаин колледжінің іргесі қаланғанына биыл 50 жыл толды. Төл тарихымен бірге рухани құндылықтар қатарын толықтырып келе жатқан өзіндік орны бар оқу орны елімізге елеулі тұлғаларды білім нәрімен сусындатып шығарды. Сондай-ақ, байырғы колледждің бес қабаттан тұратын жатақханасы 1974 жылы салынған, 420 орындық ғимаратта қазір 539 оқушы қоныстанған.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі