9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К.ТОҚАЕВ НАЗАРЫНА!

ДЕПУТАТТЫҚҚА НЕГЕ ТАЛАСАДЫ? Немесе ДЕПУТАТТЫҚҚА ТЕНДЕР ҮШІН БАРҒАНДАР

Осыдан біраз жыл бұрын «ТЕНДЕР-БӨЛІП ЖЕҢДЕР» деген мақала жазған болатынмын. Сол мақаладан кейін өзіме жау артып, соңыма түсті десем де болады. Алайда, журналисттің кәсібіне адал болуы, халық жанашыры болып мұңын жеткізсе кәсіби маман екені сөзсіз. Дегенмен, шындық шымбайларына батып, жеген арам ақшаларын көбейту ғана емес, отбасына сол арам жолмен апарған нандары балдарына берген тәрбиенің кемшілігінің бастауы екенін түсіне алмауда. Жемқорлықпен жеген нан, депутаттықтың буына мас болып,құлқынын қалай кеңейтеміз деп жүргенде перзентте солай болып, тәрбие бұзылу мен тақталастық, бақталастық көбейіп барады..

Сіздің айтқан «жаңа Қазақстан» құрылады деген «ертекке» сеніп биыл сайлауға түскен болатынмын. Бірақ, менің өткенімді қаламаған ықпалды топ сіздің саясатыңыз тек қағаз жүзінде екенін дәлелдеп ақ бергендей…Бізде құрметке лайық, ізеттілік пен халықтың шын жанашыр депутат бар. Өкінішке орай, саусақпен санарлық. Халық ортасынан табылатын, елге күн туғанда бірінші көмекті ұсынатындар да бар. Айжан Наймбекова, Байкен Аширбеков, марқұм Рашкүл апамыз. Иә, сонша депутаттан үш ақ депутат өз мандатына лайық деп санаймын.(жеке пікірім)

Ендігі жерде ат сайлап, атан сайлап, Көке, Жәкені неге жағалайды десек жауабын жазайын. Алматы қалалық маслихатының депутаттары туралы нақты дәлелді ақпарат. Бас прокуратураға арнайы тексеру жіберіп, олигархтарды мандаттан айыруды сұраймын. Бұлар халық жағдайына бас ауыртып жатпайды. Себебі, сол мандат пен тақтың арқасында млрд-тап жемсауларына салып жатқанда, (млн дегенді місе тұтпайтын болған)есептері түгел…. Айтылған жаңа Қазақстанды түсімізде көріп, қияли болып кетпесек болғаны? Тым арманшыл едім? Арманым көбейіп, сол жаңа елді қиялдайтын болдым. Егер де саясатыңыз дұрыс жүрсін десеңіз мандаттағы «алпауыттарды» тазартыңыз.

«Аманат» партиясының мүшесі, «Атрикс-Строй» компаниясының бас директоры Әміржан Нәбиев туралы интернет желісінде жарияланған ақпараттарға сенсек ( Shishkin_like телеграм-арнасының хабарлауынша), Алматы қаласы мәслихатының алты депутаты қала билігімен келісімшарт жасасқан екен.  Қала бюджетінен ең көп ақша алатын біріншілікте  Нәбиев-мыс. Компанияның сайтында «Атрикс-Строй» компаниясы ATRIX GROUP компаниясының қозғаушы күші екені жазылады. Компания жеке ғимараттардан бастап сәнді тұрғын үй кешендерін, спорт және сауда кешендерін жобалап, салуға дейінгі жолды басып өткен үш шақырылымда мандаттан айрылмаған Набиевтың отырған себебі «жемсауының» толмай, құлқынын толтырып құрылыстар алу.  Осы уақыт ішінде «Атрикс-Строй» компаниясының әкімдік басқармаларымен жасасқан келісімшарттарының жалпы құны 13,5 миллиард теңгеден асқан екен.

Ал, халық қалаулысымын дейтін мандат иелері неге таққа таласатынын болжамдасақ та дәлелдер жеткіліксіз еді? Биыл сәуір айында компания қалалық құрылыс бөлімімен 10,3 млрд теңгеге ең ірі келісімшартқа қол қойған. Ол келісімшартқа сәйкес, компания Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіруге міндеттеледі. Компания келісімшартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алған. Келісімшартта көрсетілген баға түпкілікті сома емес. Ғимаратын жөндеу үшін Алматы әкімдігі конкурстан тыс 17 миллиард теңге бөлгені белгілі. Ал оның алдында әкім Ерболат Досаев әкімдіктің ғимараты 12 млрд теңгеге қалпына келтірілетінін мәлімдеген болатын. «Әкімшілік ғимараттарға 22,6 млрд теңге шығын келді.Алматы әкімдігі ғимаратына — 20 млрд таңге, прокуратура ғимаратына – 2 млрд, полиция департаменті мен бөлімшелеріне – 205 млн, экобекеттерге -163 млн, медицина нысандарына – 2 млн теңгенің шығыны келген»,-деген мәлімет тараған болатын.

Сонымен қатар депутат һәм құрылысшы Мемлекеттік сатып алу аясында «Атрикс-Строй» мекемесі Алмалы ауданында спорт кешені мен «Қарасу» ықшамауданындағы мектепті кеңейтіп, Балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының қабылдау бөлімінің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеп, сәулеттік қадағалауды жүзеге асырған. Жібек жолы, Панфилов және Астана алаңындағы «трансформацияланған» тұрғын үй және азаматтық нысандарды «түрлендірген». (әрине, қайырымдылық деп ойлап қалмаңыз,тендермен)

Оның жетекшілігімен бірқатар жобалар жүзеге асырылды, атап айтқанда: Есік ауылында орналасқан ат спорты кешені, Алматы облысындағы «Эдельвейс» балалар сауықтыру лагері, Алматы қаласындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Мейірім» орталығы қайта жөндеуден өтті. «АМАНАТ» партиясының мүшесі. Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы екен. Ендігі жерде бағамдай беріңіз, нені бақылап не алатынын?

ҚР Журналистер одағының мүшесі

Анаркул Амангелдіқызы

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер 30 түп «сора» есірткі өсімдігін өсірген тұрғынды анықтады

smarttop

САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДА

smarttop

ҚАРАТАУДА 2 ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚ АШЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру