4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ЖЕЛАТИН ӨНДІРІСІ ДАМИДЫ

🔷 Шымкентте алдағы уақытта желатин өндірісі қалыптасатын болды. Жалпы Қазақстанда тамақ, косметикалық және фармацевтикалық өнеркәсіп кәсіпорындары өз өнімдерін өндіру үшін желатинді тек шетелден алдыртады. Сондықтан желатин еліміздің нарығында сұранысқа ие шикізаттың бірі.

🔷 Мемлекет басшысының «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасы» аясында қаладағы «Бозарық» индустриялық аймағында желатин өндіретін зауыттың іргесі қаланады. Қытай инвесторларымен бірлесе қолға алынған жоба құны 4, 5 миллиард теңгені құрайды. Зауыт іске қосылса 120 адам жұмыспен қамтылып, тәулігіне 20 тонна желатин өндірілмек.
Зауыт құрылысын 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған. Айта кетейік, «Бозарық» индустриалдық аймағында 3-5 гектарды жерді алып жатқан жобаның жүзеге асырылуы мақсатында мұнда барлық қажетті инфрақұрылым қамтылған.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов те инвестиция тартуды, өндіріс орындарын ашуды айналысатын жұмысының алғашқы орнына қойған. Индустриалды аймақтарды да жиі аралап, қолға алынған жобалардың кедергісіз жүзеге асуын жіті қадағалап жүреді. Күні кеше ғана шаһар басшысы «Тассай» индустриалды аймағына барып, бірнеше өндіріс орындарын аралады.

Солардың бірі – жиһаз шығарумен айналысатын “ШЫМКАЙ” кәсіпорны. Әкім кәсіпорынға барып, жұмыс барысын көрді.Жеке кәсіп иесі Шымкентте жиһаз шығарумен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Цехты ашу үшін 750 млн. тг инвестиция салынған. Қазір мұнда жылына 54 000 дана жиһаз жасалынады.“ШЫМКАЙ” ЖШС-на 2019 жылы “Тассай” индустриалды аймағынан жиһаз цехын ашу үшін мемлекет 10 жылға жалға беру мерзімімен 2 гектар жер берген. Бүгінде кәсіптің тасы өрге домалап, 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.

Қала әкімі кәсіпорын басшысы мен ұжымға мегаполис экономикасының ілгерілеуі жолында атқарып жатқан жұмыстарына алғысын білдіріп, әкімдік тарапынан да барынша қолдау танытатынын жеткізді.

Сондай-а, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов “Болашақ-7” өндіріс ошағын да аралап, жұмыс барысымен танысты.

Аталған зауыт “Бизнестің Жол Картасы -2020” мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы “Тассай” индустриалды аймағынан бой көтерген. Қазіргі таңда мұнда айына 34 473 600 дана энергетикалық сусын мен шырындардың түр-түрі шығарылуда.

🔷 Жоба сәтті жүзеге асқан жағдайда ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес. халықты жұмыспен қамтуды арттыра отырып, шағын бизнесті дамыту, сол арқылы экономика салаларын әртараптандырудың орта бизнес-драйверін қалыптастыру мүмкіндігіне ие боламыз.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«БОЛАШАҒЫН ОЙЛАҒАН ЕЛ БАЛАДАН БАСТАУ АЛАР…»

smarttop

ЖЕДЕЛСАТЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ БАҚЫЛАУДА

smarttop

ҒАБИТ СЫЗДЫҚБЕКОВ: «ШЫМКЕНТ АТЫНА ЗАТЫ САЙ «ЖАСЫЛ ҚАЛАҒА» АЙНАЛАДЫ»

smarttop

Пікір қалдыру