0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 4 ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП БИЫЛ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

🔷 Биыл Шымкентте бірқатар жекеменшік мектептердің құрылысы жүргізілуде. Жаңа білім ошақтары
Сайрам, Базарқапқа тұрғын алаптары мен Нұрсат шағынауданында бой көтеруде. Бүгін қала әкімі М.Әйтенов Сайрам тұғын алабындағы «Астана» және Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектептерінің құрылысын тексерді.
«Астана» мектебінің 2 мың орындық білім ғимараты 3 қабаттан тұрады. Мұнда құрылыс наурыз айында басталған. Ал
Ахмет Байтұрсынов атындағы жалпы орта мектебі 3 мың орынға лайықталған. 3 қабатты ғимарат
заманауи үлгіде бой көтеруде.

Пилоттық жоба аясында қала аумағында 25 мектептің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 300 орынға арналған 12 мектептің құрылысы басталады.Инфрақұрылым – бұл бизнестің, аймақтың немесе ұлттың негізгі физикалық жүйелерінің жалпы термині. Инфрақұрылымға көлік жүйелері, байланыс желілері, ағынды сулар, су және электр жүйелері мысал бола алады. Бұл жүйелер капиталды көп қажет ететін және қымбат инвестициялар болып табылады және елдің экономикалық дамуы мен өркендеуі үшін өте маңызды.

  • Инфрақұрылым – бұл экономика құрылымын құрайтын негізгі жүйелер.
  • Инфрақұрылымға көлік құралдары, телекоммуникация желілері және сумен жабдықтау мысалдары жатады.
  • Ірі инфрақұрылымды әдетте мемлекеттік сектор немесе мемлекеттік реттелетін монополиялар өндіреді, ал кішірек масштабтарда инфрақұрылымды көбінесе жеке фирмалар немесе жергілікті ұжымдық іс-әрекеттер жасауы мүмкін.
  • Инвестиция ретінде инфрақұрылым кейбір басқа активтер класына қарағанда тұрақсыз болып келеді және кейде оны инвестиция ретінде іздейді.

🔷 Алдағы жылы 20 400 орынға арналған 13 мектеп салынып, 2025 жылы пайдалануға тапсыру көзделуде. Тиісті басқарма басшыларының қатысуымен өткен басқосуда нысандарды инженерлік-инфрақұрылымдық желілермен қамту барысы қарастырылды. Мұрат Дүйсенбекұлы жоспарланған мектеп ғимараттарына қажетті табиғи газ, электр, су жүйелерін, жолдарды талаптарға сай жүргізуді тапсырды. 🔷 “Ең алдымен балалардың қауіпсіздігіне мән берілуі керек. Мектептердің көшелерін жарықтандыруды және бейнебақылау жүйелерімен қамтуды ұйымдастырыңыздар.

🔷 Екі нысанда да қазір ішкі, сыртқы әрлеу жұмыстары атқарылып, аулалары абаттандырылуда.
Орындалған жұмыстардың көлемі 90- 95%. Озық үлгіде салынған білім ошақтары қыркүйекте оқушыларға есіктерін айқара ашатын болады.
Жеке мектептер бала саны жыл санап артып келе жатқан елдімекендердегі мектептердің жүктемесін азайтып, білім сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

🔷 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылыс барысында ең алдымен оқушылар қауіпсіздігін қамтып, өскелең ұрпақтың жайлы жағдайда білім алуына қажетті шаралардың барлығын ескеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ҚАЛА ӘКІМІ КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАРДА ЖАЛПЫ ҚҰНЫ 67 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ

smarttop

Әскерге шақыру науқанына – ерекше назар

smarttop

Пікір қалдыру