13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ӘЙЕЛ ТЕҢДІГІ- ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ ӨЛШЕМІ

Бүгінде әлем елдерінде белең алған тұрмыстық заң бұзушылық қоғам үшін өзекті мәселелердің біріне айналды. Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйел-азаматшаларға қарым-қатынасына тығыз байланысты.
Осыған орай, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша «Салауатты өмір салтын қалыптастыру мамандарының ассоциациясы» өтті. Қиын жағдайға тап болған әрбір әйел азаматшаларға психологиялық, әлеуметтік және құқықтық көмек көрсету, сонымен қатар, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, жанжалға тосқауыл қоюды мақсат еткен кездесуде 70-ке жуық қатысушы төбе көрсетті.«Гендер» деген сөзді көп адам дұрыс түсіне бермейді. Көпшілік бұл терминді ер адамға қысым немесе әйелдің билікке таласуы деп қабылдайды. Ал, шын мәнінде гендер деген – ол әйел мен ер адамның қарым-қатынасы.

Әйелдер қауымы ғаламшар халқының жартысын құрайды, бұл адамзат әлеуетінің жартысына тең. Олардың жалғыз қалауы гендерлік тепе-теңдікке қол жеткізу. Өкінішке орай, ерлер әйелдердің толық құқығына қол жеткізу үшін ұзақ жолдан өту керек.

Бүкіл әлем бойынша әйелдер ерлер қауымына қарағанда қамқорлық жасау үшін ақы төленбейтін жұмысты екі-он есе жиі жасайды. Осыған байланысты әйелдер көбінесе оқуға немесе ақша табуға уақыт бөлмейді.

Іс-шара 15 тамыз күні «Бақытты жанұя» орталығына қарасты әлеуметтік осал санаттарға жататын аналардың орталық базасында ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында әйелдер кеңесінің төрайымы, полиция қызметкерлерінің кеңестері ұсынылды. Сондай-ақ, «Бақытты жанұя» орталығында тігіншілік мамандығын меңгеріп шыққан асыл аналарымыз көрме ұйымдастырып, концерттік бағдарламамен жалғасты. Шара соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.

Ұқсас ақпараттар

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛАСЬ «Аллея матерей»

smarttop

ЛЮДИ — главная ценность страны

smarttop

13 жастағы қызды зорламақшы болған ер адамды ұстап, құтқарып қалған тұрғынға полицейлер алғыс айтты

smarttop

Пікір қалдыру