16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА 11 КӨШЕ ЖАРЫҚТАНДЫРЫЛДЫ

🔷 2023 жылы Тұран ауданында барлығы 22 көшені жарықтандыру жоспарланса, бүгінде 11 көшеде құрылыс жұмысы аяқталды.

2023-2024 жылғы жылу маусымына қазіргі уақытта Тұран ауданы бойынша 310 тұрғын үй дайындалып, сығымдау жұмыстарынан өткізілді. Қалған 191 тұрғын үйдің тұрғындарына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, хабарландырулар жасалуда.

🔷 Айта кетейік, ҚР Энергетика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсанда №211 бұйрығымен бекітілген «Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының» 11-тарау, 62 — тармағына сәйкес «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы көппәтерлі үйдегі элеватор торабының бірінші фланеціне дейін жылумен қамтамасыз етуге жауапты.
«Қуатжылуорталық-3» көпқабатты үйдің жертөлесіне дейін жылу жеткізеді. Ары қарай тұтынушылар өздері жылу жүйелерінің қауіпсіздігін, құбырларды шаю мен қысымын тексеру, сығымдау жұмыстары, жылу қарызын есептеу және оны өтеу жұмыстарын атқаруы қажет.

🔷 Олар:
1. Әбдраимов (Жанаталап шағын ауданы)
2. Ақтас т/а орталық көшесі
3. Народовольцев (112-шағын ауданы)
4. Отырар шағын ауданы Ішкі орам көшесі
5. Ескендіров (кіші Самал шағын ауданы
6. Әбсеитов (кіші Самал шағын ауданы)
7. Чехов көшесі
8. Аққыстау (Қазығурт шағын ауданы)
9. Балапан Ата (4 шағын ауданы)
10. Спорт шағын ауданы Ішкі орам көшесі
11. Аққыстау – Құрсай елдімекені

🔷 Сондай-ақ, жыл соңына дейін 11 көшенің құрылысы аяқталатын болады. Олар:
1. Әбдрайымұлы (Самал-1 шағын ауданы)
2. Қойбағаров көшесі
3. Металлист – орталық көше
4. Бөгенбай батыр көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
5. Мүсірепов көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
6. Бақытты көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
7. Қызылқұм көшесі – Қазығұрт шағын ауданы
8. Ақтас елді мекеніндегі атауы жоқ көше
9. Айдарқұлов – Жаңаталап елдімекені
10. Таңатар — Құрсай елдімекені
11. Қармақшы – Құрсай елдімекені

🔷 Айта кетейік, бірінші кезекте әлеуметтік нысандар орналасқан (мектеп, балабақша, емхана және т.б.) қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ «ІСКЕР ҚАЛА» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША 94 ЖОБАҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТ: 33 КӘСІПОРЫНДАҒЫ 1304 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЖАЛАҚЫ ҚАРЫЗЫ ӨТЕЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ 2028 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 50 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ОРНЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру