13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ЖАППАЙ СЕНБІЛІКТЕ ЕРІКТІ ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

🔷 Бүгін қаламызда жаппай сенбілік өтіп, бірқатар әлеуметтік нысандар, көше, аулалар, арықтарға тазалық жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар «Әлеуметтік жобалардың қоры» корпоративтік қоры және Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазығұрт шағын ауданында орман алқабында сенбілік өткізілді.

🔷 Сенбілікке 100-ге жуық еріктілер қатысты. Ерікті жастар экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында қоқыстарды фракция бойынша сұрыптап жинады. Сондай-ақ шара барысында жастар команда болып жарысып, белсенділіктерін көрсетті. Сенбілік жұмыстары жастардың бойында тазалық сақтауды үйрену ғана емес, ортаға деген жоғары мәдениетті қалыптастыру екенін түсінді.

🔷 Тазалық сақтау және адам өз тұрғылықты жерін таза ұстау — әрбір тұрғынның міндеті.

Тазалық жұмысына қала тұрғындары, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері белсенді қатысты. Олармен көп қабатты тұрғын үй аулалары мен жеке секторлардағы көшелерде тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жалпы қалалық сенбілікке 30 мыңнан аса адам қатысып, 110 техника жұмылдырылды.

Сонымен қатар, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы, Абай ауданының әкімдігі, «Вuild Stroud» мекемесінің қызметкерлері және Қазығұрт шағын ауданының тұрғындары бірлесіп мемлекеттік орман қоры жерлерін қорғау және толықтыру мақсатында сенбілік өткізді. Сенбілік барысында 4000 дана ағаш көшеттері отырғызылды және аумақты қоқыстан тазалау жұмыстары жүргізілді.

Ол жұмыстарға 300 адам жұмылдырылып, 24 техника тартылды.

Сондай-ақ, А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақ аумағына, аталған кәсіпорын қызметкерлерінің қатысуымен 2000 түп қылқан жапырақты боз арша (можжевельник) ағашы отырғызылды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН 15 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АБАЙ КҮНІНЕ ОРАЙ ЖЫЛЖЫМАЛЫ КІТАП КӨРМЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

smarttop

ПРЕЗИДЕНТ: КЛИМАТТЫҚ ӨЗГЕРІС САЛДАРЫН АЗАЙТУҒА ҰМТЫЛУ- ҒЫЛЫМ АЛДЫНДА ТҰРҒАН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТ

smarttop

Пікір қалдыру