🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков есептік кездесуде Тұран шағынауданы тұрғындары көтерген мәселелер бойынша арнайы баратынын жеткізген еді. Осыған орай тиісті мамандармен бірге аталған шағынаудандағы үйлердің құрылыс барысымен танысты.
🔷 Осыған дейін Тұран шағынауданында жылу жүйелерінен бірнеше рет ақау шыққан болатын. Арнайы сараптама тағайындалып, қазандықтардың жарамсыз екені анықталған. Оған қоса, тұрғындар тарапынан үй қабырғаларының сапасыздығы айтылған.
🔷 Қала басшысы тиісті мамандарға сапаны назарға алуды тапсырды. Алдағы уақытта жауапсыз мердігерлермен жұмысты тоқтатуды ескертіп, қарапайым халық зардап шекпеу керектігін баса айтты. Сондай-ақ құрылысты жүргізген мердігерлерге пәтерлердегі жылу жүйелерінің ақауларын тез арада қалпына келтіріп, қысқа дайындықты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар жүктеді. Аудан халқы ауызсумен 98 пайызға, электр жарығы 98 пайыз, табиғи газ 96 пайызға қамтылған. Сайрам елдімекені және Қызылсу тұрғын алабы ауызсуды кестемен тұтынатындықтан, биыл бұл мәселе шешімін табатын болады. Яғни, 2023 жылға аудан халқын ауызсумен 100 пайызға қамту жоспарланған. Айта кетейік, Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағын ауыз сумен қамту жұмыстары да биыл жүргізіледі. Сондай-ақ, ауданды 100 пайыз электр қуатымен қамту жұмыстары да биылға жоспарлануда. Мәселен, былтыр Тұран, Қайнарбұлақ, Достық, Асар-2, Нұртас шағын аудандарына тоқ көзі жеткізілсе, биыл Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағындағы 1200 абонент электр жарығына жалғанады. Бұл Қаратау ауданы толық электр жүйесімен қамтылады деген сөз. Табиғи газ құбырына келсек, биыл 15 мыңнан аса тұрғыны бар Тассай елдімекенімен бірге Бозарық саяжайының жаңа құрылыс аумағы табиғи отынға қол жеткізеді. Жалпы аудан халқын толық 100 пайыз газбен қамту 2025 жылға межеленген. Жоспарға сай, Шапырашты, Таскен, Өтеміс, Қызылсу елдімекендеріне газ тартылатын болады. Ал 2025 жылы Достық тұрғын алабы, Мәртөбе, Мирас елдкімекендерін қамту басты назарда.
🔷 Биыл қалада мемлекеттік бюджет есебінен 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған. Оның ішінде Тұран шағынауданында 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл басынан бері 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үй жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі