16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

60 МЫҢ ШЫМКЕНТТІК СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің бастамасымен қолға алынған «Таза қала өзіңнен басталады» акциясы аясындағы бүгінгі сенбілікте Фосфоршылар сарайының аумағын 1000-ға жуық адам қоқыстан тазартты.

🔷 Тазалық шараларына қала әкімінен бастап мемлекеттік қыметшілер, кәсіпкерлер, еріктілер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер мен тұрғындар белсене қатысты. Төрт секцияға бөлінген аумақтағы жұмыстарға аудандық коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 50-ден астам техника жұмылдырылды. Ал жалпы қала аумағындағы тазалық жұмыстарына 60 мыңға жуық адам үлес қосты.

Сондай-ақ, тазалық шараларынан ірі сауда орталықтары, базар иелері де қалыс қалған жоқ.
Аудан әкімі аппараттының қызметкерлерімен бірге «Әл-Фараби» КММ, «Жасыл ел» ЖШС, «Сенімді Құрылыс» ЖШС мердігер мекемелерінің жұмысшылары ,Теріскей шағын ауданы көп қабатты үйлердің тұрғындарымен бірлесе ұйымдастырылған тазалық іс-шарасында ирригациялык арықтар, аулалалар мен алаңшаларды күл-қоқыстан тазарту, сынған бұталарды шығару және қоршаулар мен балалар ойын жабдықтарына сырлау жұмыстары жүргізілді.

Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, «Шымкент» ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады. Сенбілік-тазалық кепілі. Сенбіліктің басты мақсаты — аудан көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Аудан орталығы Шонжы ауылдық округінде, ауылды қоқыстан тазартып, көрікті жерге айналдыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі сенбілікке мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері атсалысты. Әлі де мұндай шаралар жалғасын таппақ. Сенбілікке қатысқан барлық белсенділерге алғысымызды білдіреміз!Шара барысында айыр, күрек, кетпен асынған тұрғындар саябақ маңайын арам шөптерден тазалап, тал-теректерді әктеді. Сынған бұтақтарды жинап, күл-қоқыстарды жүк көлігіне тиеді.

🔷 Бұл бағыттағы шаралар барлық аудан аумақтарында тұрақты түрде әр сенбіде ұйымдастырылады. Қураған ағаштардың орнына жасыл желектер отырғызылып, тазарған аумақтар көгалдандырылады. Акция қазан, қараша айында жалғасады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ КОНГРЕСС-ХОЛЛ ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЯҚТАЛАДЫ

smarttop

ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАР-ӨНЕР ЖАНАШЫРЫ

smarttop

КӨЛІК ШИНАСЫН АУЫСТЫРМАҒАН 298 ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру