4.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚҰБЫРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔷 Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сайрам тұрғын алабындағы 3 кезең бойынша жүргізіліп жатқан сапалы ауыз су құбырының құрылыс барысын тексерді.

🔷 Қазіргі таңда аталған құрылыстың екі кезеңі бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Екі кезеңде 99,5 шақырым ауыз су құбыры тартылуы қажет. Бүгінде жұмыстың 83 пайызы аяқталған. Құрылыс жұмыстары біткен соң, 6 860 абонент сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

🔷 Жалпы, ауыз су жүйелерінің ұзындығы 100,9 шақырымды құрайды. Үшінші кезең аяқталғаннан кейін 10 965 абонент ауыз су жүйесіне қосылады. Құрылыс жұмыстарын жыл соңына дейін толық бітіру жоспарланған.

🔷 Құрылысты «Мелиоратор» ЖШС мердігер мекемесі жүргізуде. Қала басшысы жауаптыларға құрылысты сапалы аяқтап, мерзімінде атқару бойынша тапсырма жүктеді.

🔷 Қалада осы жылы сапалы ауыз сумен толық қамту мақсатында 6 нысанда су құбырларын тарту жұмыстары кезең-кезеңімен іске асуда. Нәтижесінде, 2023 жыл қорытындысында 72 мыңнан астам адам орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, көрсеткіш 98,5%-дан 100%-ға жетеді.

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

БИЫЛ СОЛТҮСТІК САЯЖАЙ ТҰРҒЫНДАРЫ САПАЛЫ ЭЛЕКТРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

smarttop

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМ: МӘСЛИХАТТЫҢ БІРІНШІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ АЛҒАШ РЕТ “SHYMKENT FEST” ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру