3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

«АШЫҚ ӘКІМДІКТЕ» ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ТЫНДАЛДЫ

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев бекітілген кестеге сәйкес азаматтардың жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Түрлі арыз-шағымын ала келген азаматтарды мұқият тыңдап, қордаланған мәселелердің жүйелі шешімін табуға атсалысты. Олардың қатарында Түлкібас ауданы, Тұрар Рысқұлов ауылынан келген тұрғын Түлкібас аудандық орталық ауруханасының бас дәрігерінің іс-әрекеті бойынша шағымданды. Тазалықшы қызметін атқарып келген арыз иесінің өтініші қазіргі таңда тексеріліп жатыр. Өйткені ол бұған дейін де осы сұрақты жолдаған.
Ал Алматы қаласынан келген өтініш иесі дәрігер ретінде еңбек сіңірген әкесіне Сауран ауданынан көше атауын беруді сұраса, Түркістан қаласының тұрғыны өнер мектебін ашуға (жеке ғимараты бар) көмек сұрады. Қазығұрттық жазылушы аудандағы мектептерде күзет қызметіне жарияланған конкурстық рәсімдер туралы шағымданды. Төлеби ауданының тұрғыны Ұлы Отан соғысына қатысып, дүниеден откен азаматтарды Қазақстанның тарихи тұлғалары тізіміне кіргізу мәселесі жайлы ұсынысын білдірді.
Бейсен Дәулетұлы қабылдауға жазылған облыс тұрғындарының өтініштерін мұқият тыңдап, жүйелі әрі заңды шешілу жолдарын түсіндірді. Жеке қабылдауға жауапты басқарма өкілдері де қатысты. Облыс әкімінің орынбасары тиісті сала мамандарына кейбір мәселелердің заңдылығын қарап, оңтайлы шешімін қарастыруды тапсырды.

Ұқсас ақпараттар

КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІНІҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТУДЕ

smarttop

САПАЛЫ АУЫЗ СУ ҚАШАН БОЛМАҚ?

smarttop

Пікір қалдыру