Smarttop.kz

ҚАЗАҚСТАН — ТАНТАЛДАН МОНЕТА ШЫҒАРҒАН ЖАЛҒЫЗ ЕЛ

Қазақстан – ғарыш өнеркәсібінде пайдаланылатын бағалы металл танталдан монета шығарған жалғыз ел. Құрамында тантал бар ғарыш тақырыбындағы монеталар сериясы көптеген халықаралық марапатқа ие болған.

Қазақстан Ұлттық Банкі инвестициялық және коллекциялық монеталар шығарады. Инвестициялық монеталар — күміс және алтын сияқты бағалы металдардан әзірленеді және аса құнды. Ал, коллекциялық монеталар шектеулі тиражбен шығады. Олар жинауға арналған және нумизматтарды қызықтырады.

Бұл монеталар тек төлем құралы ғана емес, сонымен қатар мәдени-ағартушылық және инвестициялық маңызға ие. Олар тарихи оқиғаларды, мәдени ескерткіштерді және әртүрлі салалардағы жетістіктерді еске салады. Қазір Қазақстан монеталары әлемдік каталогтан ойып тұрып орын алып, нумизматикалық құндылыққа ие болып отыр.

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер «Балаларды қорғау» күніне орай кіші футболдан турнир өткізді

smarttop

ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

smarttop

Корей этносының мәдениеті күні іс-шарасы өтті

smarttop

Пікір қалдыру