8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

ТАРИХИ МЕЖЕ ҚҰТТЫ БОЛСЫН ҚАЗАҚ ЕЛІ!

Кешегі күннен бері көптеген отандастарымыз ғаламтор беттерінде Қазақстан халқының саны тарихи межеге жетіп, 20 миллионыншы тұрғыны дүние есігін ашқаны жайлы мәлімдеп, күллі жұртшылықты осы бір мерейлі қуанышпен құттықтап жатыр.
Жоғарыдағы демографиялық биік меже республика халқының саны
20 миллионға жетуі бұл сан ғасырлық тарихы бар, әрқилы жағдайда, әртүрлі кезеңдерде, санқилы демографиялық толқынды бас¬тан өткерген халқымыз үшін үшін зор жетістік. Бұның бәрі бүгінгі тәуелсіздіктің арқасы екені әмбеге аян.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдары күн тәртібіне қойылған аса маңызды мәселенің бірі – этнодемографиялық ахуалды жақсарту болды. Мемлекет тарапынан жүр¬гізілген сындарлы саясаттың нәтиже¬сін¬де, жергілікті халықтың саны өсті. Бұл өсім, біріншіден, жергілікті халықтың өсімі арқасында, екіншіден, басқа ұлттардың этностық отандарына қоныс аударуына, үшіншіден, шетелде өмір сүріп жатқан қазақтардың атамекеніне оралуына байланысты болып, елдегі этнодемографиялық ахуал жақсарды.
Болашақта еліміз аман, жұртымыз тыныш, бүгінгі тәуелсіздігіміз баянды болса, қазақ халқы өсіп, өнері хақ. Ең бас¬¬тысы, Тәңір жұртымызға береке берсін!

БЕСБАЕВ МӘДИ ӘБЗЕЛҰЛЫ, «Жігер» қоғамдық — саяси зерттеулер орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сарапшы.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 600 ГЕКТАР АГРО-ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҚТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ӘКІМНІҢ ЖЕКЕ БАҚЫЛАУЫНАН ТҮСКЕН ЕМЕС

smarttop

Психолог мамандар Түркістан облысының полицейлері үшін тренинг өткізді

smarttop

Пікір қалдыру