Smarttop.kz

АНА МЕН БАЛА ӨЛІМІН АЛДЫН АЛУҒА АРНАЛҒАН ШЕБЕРЛІК САБАҒЫ ӨТТІ

Шымкент қаласындағы Перинаталдық орталық базасында мәскеулік мамандар жергілікті дәрігерлерге «Клиникалық акушерліктегі симуляциялық платформаны қолдану» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Тәжірибе алмасу шарасы Л.А.Ворохобов атындағы № 67 перинаталдық орталығының басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты С.В.Мартиросян және М.В.Ломоносов атындағы ММУ-дың фундаментальді медицина факультетінің акушерлік-гинекология кафедрасының өкілдері мен репродуктивті медицина мамандарының қатысуымен өтіп, ана мен бала денсаулығын сақтау ісінде кәсіби біліктіліктерімен бөлісті.

Шеберлік сабағы жүкті әйелдер мен нәрестелерге дер кезінде шұғыл акушерлік, неонаталдық, реанимациялық көмек көрсету сапасын арттыруға бағытталды. Мұндай жұмыстар ана мен бала өлімін азайтуға септігін тигізеді.

Ұқсас ақпараттар

ТОЛЫҚМЕТРАЖДЫ ФИЛЫМ КӨРЕРМЕНДЕРДІҢ НАЗАРЫНА

smarttop

Түркістан облысының бас полицейі өткен жылды қорытындылап, халыққа онлайн режимде есеп берді

smarttop

8 ЕЛДІ МЕКЕНДЕ ТАБИҒИ ГАЗБЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру