Smarttop.kz

«ІЗЕТТІ ЗЕЙНЕТКЕР» САУЫҚТЫРУ КЕШЕНІ ЖЫЛЫНА 2 МЫҢНАН АСА ЗЕЙНЕТКЕРГЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Шымкентте өткен жылы іске қосылған «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешенінің негізгі миссиясы – ардагерлердің қысқа мерзімде демалу мен денсаулығын оңалтуда профилактикалық қызметтерді көрсету. Дәрігерлер қарияларды жалпы денсаулығын тексере отырып, тиісті процедураларды тағайындайды.

Сауықтыру орталығында зейнеткерлерге 10 күнде арнайы электромагнитті терапия, фито бар, сумен емдеу үшін арнайы бассейн, парафинмен емдеу, вакумдық гидропилинг, ультрофонофрез, УЗ-скабер, электропорация және физикалық терапия қызметтерін алады. Сонымен қатар, 3 мезгіл ыстық тамақпен қамтылған, барлық сауықтыру шарасы мемлекет есебінен жүргізіледі.

Одан бөлек, зейнеткерлер музыка терапия, хареография, шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы, үстел теннисі ойындарымен, сондай-ақ караоке залында уақыт өткізе алады.

Бүгінде шипажайларға кезекке тұру процесі автоматтандырылған. Қариялар енді санаторлы-курорттық ем қабылдауға «geo-shym.kz» порталы арқылы өтініш беріп, кезек ретін онлайн бақылай алады.

Ұқсас ақпараттар

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ШЫМКЕНТТІК ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТЫП КЕЛЕДІ

smarttop

«ЖАҢҒЫРУ – ЖЫР АРҚАУЫ» АТТЫ САЙЫС ӨТУДЕ

smarttop

Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі

smarttop

Пікір қалдыру