Smarttop.kz

ЗЕРДЕЛЕУ НӘТИЖЕСІ: ҚАЛАДА ҚОСЫМША 2 БАҒЫТ АШЫЛАДЫ

Ертең, 1 ақпаннан бастап тұрақты маршруттар қатары №3 пен №4 бағыттармен толығады. Жоспарлы кешенді схемаға сәйкес №3 бағыттағы автобустар Тұран, Шымсити шағынаудандары мен Рысқұлов көшесі аралығына айналма маршрутта тасымалдау қызметін көрсетеді. Қоғамдық көліктің кесте саны 16, ал аралық жиілігі орташа есеппен 15 минутты құрайды.

Ал №4 бағыттағы қоғамдық көліктер Оңтүстік шағын ауданынан «Жабық» базарына дейінгі аралықта қызмет көрсетеді. Автобус саны – 5, аралық интервалы – 15 минут.

Айта кетейік, бұл бағыттар 2 ай көлемінде пилоттық режимде іске қосылады.

Бүгінде қала аумағында күнделікті 77 тұрақты маршрут бойынша 915 автобус тасымалдау қызметін көрсетуде.

Ұқсас ақпараттар

ТЕКЕСУ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛДЫ

smarttop

ҚАЙНАРБҰЛАҚ САЯЖАЙЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

smarttop

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШІ БОЙЫНША АВТОБУС БАҒЫТЫ АРҒЫМАҚҚА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру