19.8 C
Шымкент
Воскресенье, 7 июня, 2026
Smarttop.kz

ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ШҰҒЫЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

Қазіргі таңда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ мамандары еліміздің оңтүстік аймағында болған жер сілкінісі салдарынан газ құбырларында орын алуы мүмкін ақауларды анықтау мақсатында қала аумағындағы жер асты және жер үсті газ құбырларына тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін қауіпсіздік шаралары барысында Қазығұрт шағынауданы, Көктоған көшесінде жоғары қысымды құбырдан табиғи газдың шығуы анықталды. Апат салдарынан 1 100 тұтынушы, 2 өндірістік кәсіпорын және 2 тұрмыстық коммуналдық мекеме газдан уақытша ажыратылды.

Қазіргі уақытта бригадалар ақауды қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Бұл ретте тұрғындардан мамандарға газ жабдықтарын тексеруге мүмкіндік беріп, крандардың жабық болуын қадағалауды сұраймыз. Сондай-ақ газдың иісі байқалған жағдайда 104 апаттық қызметіне хабарласу қажеттігін ескертеміз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұраймыз.

Ұқсас ақпараттар

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІН САҚТАЙЫҚ  

smarttop

СКРИНИНГТІҢ КӨМЕГІМЕН 1000-НАН АСТАМ АДАМНЫҢ ҚАТЕРЛІ ІСІК АУРУЫ ЕРТЕ АНЫҚТАЛДЫ

smarttop

ТҰРАН-2 ШАҒЫНАУДАНЫНДА ЖАҢА 18 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АУЛАЛАРЫ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

smarttop

Пікір қалдыру