16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҮРКІСТАН: МӘМС ЖҮЙЕСІНІҢ МЕДИЦИНАНЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУЫ 1,7 ЕСЕГЕ АРТҚАН

Түркістан облысында МӘМС қорының медициналық саланы қаржыландыруы 1,7 есеге артты. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі — шалғайдағы елді мекендерде қызметтер спектрін кеңейтуге мүмкіндік берді. Бұл жөнінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиал директоры Нұрлан Қыдырбаев мәлімдеді.

Филиал директорының айтуынша, биыл Қормен 171 медициналық ұйым келісімшарт жасаса, олардың 77-сі ауылдық елді мекендерде орналасқан. 2023 жылы аудандық деңгейдегі медициналық ұйымдар тегін медициналық көмек шеңберінде — 100,5 млрд теңге, ал міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша — 111,1 млрд теңге көлемінде қаражат алған. Аталған қаражат — алғашқы медициналық-санитариялық, консультациялық-диагностикалық көмек, амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медициналық оңалту, стационарларда емдеуге жұмсалған.

— Қор филиалы Түркістан облысының тұрғындарына сақтандыру пакеті шеңберінде консультативтік-диагностикалық қызметтерге — 33,1 млн теңге, стационарлық медициналық көмекке — 28,9 млн теңге, ауыл тұрғындарына стационарлық және стационарды алмастыратын көмектерге — 25,5 млн теңге төледі. Оның ішінде, компьютерлік томография мен магнитті-резонанстық томографияға деген сұраныс жоғары. Жалпы сомасы 982 555 теңгені құрайтын 75 мыңнан астам КТ жасалған. Сондай-ақ, 86 мыңнан астам МРТ қызметіне Қор филиалы 1,3 млн теңге бөлді. Науқастар тарапынан үлкен сұранысқа ие қызметтің бірі – медициналық оңалту, оған 6,1 млн теңге жұмсалды — деді филиал директоры Нұрлан Икрамұлы.

Ұқсас ақпараттар

Білім мен ғылымға салынған инвестиция

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БЕСІНШІ АУДАН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАНДЫ

smarttop

«Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба

smarttop

Пікір қалдыру