21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК БАҒЫТТАРЫ ОҢТАЙЛАНДЫРЫЛДЫ

Жүргізілген зерделеу жұмыстары нәтижесінде тұрғындардың сұранысына сәйкес, тұрақты №61, №143 және №180 бағыттарына 1 наурыздан бастап өзгерістер енгізілді.

Жолаушылардың өтініші бойынша № 61 бағыт Нұршуақ тұрғын алабы аумағынан №6 емханаға дейін ұзартылды. Бағыттағы автобустар жолаушыларды №136 мектепке де тасымалдайды.

Ал, №143 автобус маршруты ұзақтан қатынайтын жұмысшылардың өтініші бойынша «Жұлдыз» индустриялды аймағына дейін ұзартылды.

Сонымен қатар, №180 автобустар бағыты Көкбұлақ тұрғын алабының ішкі бөлігіне дейін созылды.

Жалпы, тұрақты № 171, № 171 «А» бағыттарына қосымша кестелер қосылып, № 66 және № 67 бағыттарына ақпан айынан бастап өзгерістер енгізілген болатын.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: «ҮЛКЕН АУЫЛДАН» АЗИЯНЫҢ ӘСЕМ ШАҺАРЫНА АЙНАЛЫП КЕЛЕМІЗ

smarttop

Полицейлер кеурек (ферула) дәрілік шөбін қазып, Түркістанда заңсыз жұмыс істеп жүрген 130-дан астам шетелдікті анықтады

smarttop

Полицейлер рейд кезінде заңсыз мал тасымалдаған тұрғындарды ұстады

smarttop

Пікір қалдыру