-0.7 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ НАУРЫЗ ТОЙЫ БАСТАЛДЫ

Шымкентте Наурыз тойы басталды. 14 наурыз Көрісу күніне арналған «Көрісу-жаңа өмір, жаңа күн» іс-шарасы қаладағы Абай саябағында өтті. Онда Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Шымкент-Цирк», Орталықтандырылған балалар кітапханасы, Орталықтандырылған көпшілік кітапхана және саяси қуғын-сүргін музейінің қызметкерлері көрісіп, ұлттық дәстүрді дәріптеді.

—Ауа-райы қолайсыздығына қарамастан, Көрісу мерекесін тойлауға келіп қалдық. Әрбір ұжым қызметкерлерімен жылдан жылға аман жетейік деген ниетте көрісіп, ақ тілегімізді айтып, қауышып жатырмыз. Наурыз тойының бастауы баршаға құтты болсын. Көрісу күнінде ата-бабамыз алыстағы ағайын-туысын арнайы іздеп барып, қыстан аман шыққанына көз жеткізіп, көрісіп қайтатын болған. Бүгін, міне, біз де сол дәстүрді жалғап жатырмыз, — деді Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің директоры Нұрила Жұманова.

Көрісу – қазақ халқының өскелең ұрпақты ізеттілік пен мейірімділікке, ауызбіршілік пен кішіпейілділікке, татулық пен бауырмалдыққа бастайтын ерекше үрдісі.

Айта кетейік, Көрісу күніне арналған іс-шаралар бір мезгілде қаланың көрікті үш локациясында өтіп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

БҮГІНГІ ТАҢДА ҚАЛА СЫРТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРЛЕРІНДЕ 429 БАЛА ДЕМАЛЫП ҚАЙТТЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНА 6 МЫҢ ОҚУШЫ ҚАТЫСТЫ

smarttop

Ө.ШӨКЕЕВ: «ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІН ҮЛГІ РЕТІНДЕ КӨРСЕТЕ АЛАМЫЗ»

smarttop

Пікір қалдыру